Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрады

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.10.2019489 Views

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 450 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

    Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 2,5 есеге көбейіп, Түркістан облысының республикадағы үлесі 3-ші орында тұр. Бүгінде Түркістан өңірінде 70 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Облыста егістік алқаптары ұлғайтылып, егісті әртараптандыру мақсатында мал азықтық дақылдарға көңіл бөлініп отыр. Озық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы техникаларын жетілдіру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылған. Мәселен, тамшылатып суғару әдісі қосымша 7,0 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 16,8 мың га жетті. Жаңадан 400 ден астам шағын бордақылау алаңдары, 12 құс фермасы мен балық шаруашылықтары ашылған. Биыл ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы құны 103,3 млрд. теңгені құрайтын 553 жоба әзірленді. Нәтижесінде 4620 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бүгінгі күнге олардың тең жартысынан астамы іске асқан және көбіне мал шаруашылығын дамыту саласына бағытталған.

    2019 жылдың 9 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 157,3 млн. АҚШ долларын құраған. Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Иран, және Бахрейн елдеріне ірі қара және уақ мал еттері экспортталған. Сонымен қатар, Ресей, Белоруссияға 304,3 мың тонна қарбыз бен қауын жеткізілген. Сондай-ақ, мақта талшығының экспорты жыл сайын артуда. Биыл 264,0 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау күтілуде.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.