• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қарабатырға ескерткіш орнатылды

19.10.2019
0

Қаратаудың етегінде жатқан Бәйдібек ауданында Қарабатыр ескерткіші ашылды. Бүкіл өмірін ат үстінде өткізген бабаға арналған ескерткіш Қызылкөпір жерінде қасқайып тұр. Мың өліп, мың тірілген қазақ жұртында батыр аз емес. Елді, жерді сақтау жолында барлығының өз рөлі бар. Солардың бірегейі Қара батырға ұрпағы құрмет көрсетіп, ат шаптырып, ас берді.

Қызылкөпір елді мекенінің тұрғындары Бәйдібек ауданына қарағанмен, жерінің бір бөлігі Арысқа тиесілі. Сондықтан Түркістан облысындағы қос ауданда ұлан асыр той өтті. Жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармасына арқау болған Қызылкөпірде Қарабатыр ескерткіші бой көтерді. Азан шақырып қойған есімі Тілеуке. 1694 жылдардың шамасында Қаратаудың күнгей беткейіндегі Қостұрадан бастау алатын Бөген өзенінің бойында дүниеге келген. 16 жасында қалың қамыс арасындағы жолбарысқа жалғыз барып, оны өлтіріп батыр аты шыққан деген дерек бар. Ал, Тілеукеге Қарабатыр деген ат қалай берілген деген сұраққа тоқталар болсақ. Елімізді, жерімізді қорғау мақсатында Жоңғарлармен шайқаста ерекше көзге түсіп, Қара батыр атанған. Бабаның ерлігі туралы толығырақ білгіңіз келсе, жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» атты тарихи романын парақтап шықсаңыз болады.

Батыр зеректігімен, парасатты пайымымен Төле бидің талғамынан шыққан. Бидің сенімді серіктестігі болып, соңы туыстық-жекжатқа ұласыпты. Яғни, Төле бидің тоқалынан туған Жуаскүл деген қызына Қарабатыр үйленіп, ұрпақ өрбіткен. Тарихта осындай деректер бар. 60 жасына дейін аттан түспей, ел қорғаған Тілеуке батырдың 325 жылдығына орай қойылған ескерткішті Шымкент-Түркістан тас жолының бойынан көресіз.

   Бәйдібек ауданының жерінде дүниеге келіп, ескерткіші қойылған батыр баба Алматы облысында жан тапсырған. 1754 жылдары Нарынқол жақта жоңғарлармен шайқасып, садақтың улы жебесі санына тиген. Жанындағы сарбаздары бабаның сүйегін Түркістанға жеткізбек болғанда удың әсерінен әлсіреген батыр есін жиып, қай жерде жантәсілім етсе, сол жерге қоюды тапсырыпты. Ойран төбе маңында қаза тауып, бүгінде сол жерде «Сіргелі Тілеуке батыр» деген жазуы бар кесене тұр. Қазақтың қас батырын жиылған жұрт еске алып, мазмұнды баяндамалар жасалды.

Тілеуке батыр ескерткіші темір-бетон және тастан жасалып, гранитпен қапталған. Жалпы биіктігі 15 метр, батыр бейнесінің биіктігі 5 метр. Монумент авторы – Ерғали Мұстафаев. Ескерткішке жұмсалған қаржы шамамен 50 миллионды құрайды. Бұл ұрпақтарының батырға көрсеткен құрметі, алғысы. Елдің түкпір-түкпірінен келгендер ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне куә болып, сәулеттік көрінісін көзбен көрді.

Тарих шаңына қанша көмілгенмен, әруақты ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Қайта уақыт өткен сайын ұрпақтың санасында жаңғыра бермек. Сөзіміздің дәлелі Қарабатыр болып тұр ғой. Ерлігі жазылған ескерткіш ашылған соң концерттік бағдарлама болды. Мәселен, Тілеуке батырға арналған тарихи әнді жуырда ғана Мемлекет басшысының қабылдауында болған Тамара Асар орындап, әнді Абайша сүйген тыңдарманның құлағы елең етті.

Қырықшақты киіз үй тігіліп, жиылған жұртты рухани бір сілкіндірген бұл іс-шара тұнып тұрған тәрбие. Біріншіден батырдың рухын асқақтатқан игі тірлік. Екіншіден осы маңда жүрген жастарға батырдың ерлігі үлгі. Осындай басқосуларды көріп өскен ұрпақ бабаларының мықты болғанын біліп, ұлан қайыр жердің қадірін түсінеді.

Тарих Қазақстанның бүкіл жерінде сайрап жатыр. Жетісу жерін жаудан тазартарда Тілеуке батыр он мыңдық әскерге түменбасы болып бекітілген. Осыдан Түменбасы Тілеуке деп кей деректерде жазылған. Ескерткіштің маңайында өткен ұлан-асыр тойда ұлттық ойындар ойнатылып, ат шапты. Бағалы сыйлықтар беріліп, әр ауылдық окруктер мен әулеттер тіккен киіз үйде ас берілді. Ұлттық тәрбие беретін, оның бесігі болған қазақ тойы деп міне осыны айтар шамасы.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық...

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкентте 16 жасқа толған үздік оқушыларға алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Ерекше шара Полиция департаментінде өтіп, оған оқу мен...

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.