• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістанда дәстүрлі «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды

18.10.2019
0

Сегізінші рет ұйымдастырылған  конференция Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бірлесуімен өтуде, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына арналған құттықтауын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы оқып берді.

«Құрметті конференцияға қатысушылар! Сіздерді Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырып отырған дәстүрлі «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы мен бүкіл түркі жұрты, күллі мұсылман қауымы үшін киелі Түркістан мен әулиелердің сұлтаны, рухани ілімнің көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қадір-қасиеті ерекше. Елбасымыз «Түркістан мен оның ұлы ғимаратын бүгінгі ұрпақ қазақ мемлекеттілігі тағдырымен тығыз бірлікте қарастырады. Ұлттық бостандығымыз бен іргелі елдігіміздің ақ ордасы, асыл көзі ретінде ардақ тұтады»,-деп киелі қалаға өз бағасын берген болатын.
Олай болса, рухани әрі тарихи-мәдени орын болып саналатын өңірде 40 жылдан астам қалтқысыз қызмет етіп отырған музейдің орны ерекше»,- делінген құттықтау хатта.

Басқосу барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Артықбаевтың 60 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаты және «Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің арнайы сый-сияпаттары табысталды.

Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, абайтанушы М.Мырзахметов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Артықбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Ясауитану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, философия, теология ғылымдарының докторы, профессор Д.Кенжетай, Түркия Республикасы, Ыстамбул қаласында Мәрмәра университетінің профессоры Н.Тосун, Түркия Республикасы, Ыстамбул қаласындағы «Ясауи ожаклары» журналының бас редакторы, «Ясауи» қорының төрағасы И.Иесеви, Өзбекстан Республикасынан тарих ғылымдарының кандидаты Н.Абдулахатов, Қырғызыстан Республикасынан филология ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Айталиева, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иниститутының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент  Т.Қыдыр сынды 60 -тан аса  қоғам қайраткерлері мен отандық  және шетелдік белгілі ғалымдар, музей саласының мамандары қатысуда.

Конференцияның мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұраларының  түркі халықтарының  рухани-мәдени болмысындағы   орнын айқындап, зерделей түсу болып табылады. Өйткені түркі халықтарының рухани дүниесінің өзегі болған Ясауи мұрасы әлі күнге дейін өз дәрежесінде  зерттеліп, ғалымдар тарапынан лайықты  бағасын алған жоқ. Ясауи мұраларын ғылыми тұрғыдан танып — білу тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен қазақ халқының ұлттық идеясын қалыптастыруда, қазақ халқының рухани тәуелсіздігі мен Қазақстан халықтарының бейбіт қатар өмір сүру  принциптерін нығайтуға қызмет етеді. Сонымен бірге, Ясауи ілімін оқып, үйрену ата-бабалардан үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығының ұрпақ санасынан жоғалмауына, соның арқасында рухы мықты ұлт санатында қала беруге ықпал жасайды.

Ясауи тарихын зерттеуші ғалымдар бас қосқан конференция пленарлық және секциялық бағытта өтетін болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.