• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Қаражат бар, нәтиже жоқ» — Б. Сапарбаев «Еңбек» бағдарламасының орындалуын сынға алды

18.10.2019
0

Бейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын осы жылдың 9 айында іске асыру қорытындылары бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.

«Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету – Елбасы мен Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін бізге жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздарды бизнес негіздеріне және сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, микро және шағын бизнесті дамытуды ынталандыру қажет», — деді вице-премьер.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, өткен кезеңде 496 мың қазақстандық бағдарлама қатысушысы болды.

2017 жылдан бастап ТжКББ-де кәсіптік оқуға 52 901 адам жіберілді, оның ішінде биыл — 21 854 адам. Сонымен бірге, білім алушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі өзекті болып қала бермек: 4 246 түлектің тек 3 250-і немесе 76,5%-ы жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамтудың төмен деңгейі Алматы және Жамбыл облыстарында байқалады.

Кадрлардың қысқа мерзімді дайындаумен 41 180 адам немесе жылдық жоспардың 69% қамтылған. Аутсайдерлер қатарында Маңғыстау (39,5%), Солтүстік Қазақстан (50,4%), Түркістан облыстары (51,1%), Нұр-Сұлтан (51,8%) және Шымкент (55,4%) қалалары бар.

«Қысқа мерзімді оқудан өткен 20 мың азаматтың тек 11 мыңы ғана жұмысқа орналасқан», — деді Б. Нұрымбетов.

Сонымен қатар, министр жалпы қатысушылар санының қатарында қайта оқытылғандардың жоғары үлесіне назар аударды. Мәселен, 2017-2018 жылдары 109 мың адам оқуға жіберілді, оның ішінде 1,8 мың адам екі немесе одан да көп рет курстардан өтті.

«Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екі жылда төрт рет, ал Атырау облысының тұрғыны бір жылда үш рет оқытылды. Тағы бір сұрақ – біз кімді оқытамыз және олар қалай жұмысқа орналасады? Орта есеппен республика бойынша оқуды аяқтағандардың 57%-ы өз мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, мамандықтарға деген сұранысты ескере отырып, оқытуды түзету қажет», — деп толықтырды Еңбек министрлігінің басшысы.

«Бастау бизнес» жобасының аясында 45 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік негіздерін үйренді. 27 мыңнан астам оқытылғандар өздерінің бизнес жобаларын қорғады, бірақ тек 8 мыңы ғана гранттар мен шағын несиелер алды. Ең төменгі көрсеткіштер Алматы (2,3%), Шымкент (11,3%) қалаларында және Түркістан облысында (7,1%).

Өз ісін ашуға арналған мемлекеттік гранттардың иегерлері 11,2 мың адам болды, оның ішінде жастар – 6,8 мың адам, аз қамтамасыз етілгендер – 1,5 мың адам, көп балалы отбасылар – 205 адам. Ең аз гранттар Нұр-Сұлтан қаласында берілді — жылдық жоспардың 2,2% немесе 49. Осыған ұқсас жағдай Алматы мен Шымкент қалаларында байқалады.

Биыл 10,2 мың адамға жеңілдетілген микрокредиттер берілді, олардың 80%-ы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қосымша 9 мың жұмыс орны құрылды. Микрокредит берудің теріс динамикасы Шымкент қаласында, Атырау және Қостанай облыстарында байқалады.

Ағымдағы жылы барлығы 334,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 240 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалаларын әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады.

Есептерді тыңдағаннан кейін Премьер-Министрдің орынбасары бөлінген бюджет қаражатының нашар игерілгенін атап өтіп, бағдарламаны сапасыз орындағаны үшін өңірлерді сынға алды.

«Жетекшілік ететін әкім орынбасарлары тарапынан бақылау жоқ. Осы жұмысқа формалды түрде қараңыздар. Бұған дейін ақша жоқ деген шағымдар болды. Ал қазір ақша бар, бірақ нәтиже жоқ. Еңбек министрлігіне бұл жұмысты күнделікті бақылауға алып, оны жүзеге асырудың тиімділігіне талдау жасау қажет. Жыл соңына дейін аз ғана уақыт қалды, сондықтан ел басшылығының тапсырмаларын сапалы орындау үшін бұл жұмысты жандандыру қажет», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, кеңес барысында 2019-2020 оқу жылындағы орта білім берудің негізгі бағыттары қаралды. Атап айтқанда, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, цифрландыру, МЖӘ жобаларын іске асыру, тәрбие жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтар мен суицидтің алдын-алу, балалардың қосымша білім алуға тартылуын арттыру мәселелері талқыланды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.