• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті

05.10.2019
0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында белсенді жастармен кездесті. Басқосу Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында өтті. Жастар вице-премьерге өздерінің алғашқы табыстары туралы айтып берді.

«Жастар қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Әрбір адам оның болашағы жақсы болғанын армандайды. Біздің мақсатымыз — жастарға даму үшін жағдай жасау. Жастар жылы, алдағы еріктілер жылы және Президенттік кадрлық резервке қабылдау — бұл қадамдардың барлығы елімізде жастар өздерінің мақсаттарын жүзеге асырып, бақытты бола алатынын айтады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Қазақстанда Жастар жылында 89 ірі іс-шара жүзеге асырылып жатыр, тұрғын үй проблемасын шешу бойынша да шаралар әзірленді, жас кәсіпкерлер де қолдауға ие болған. Кездесуге студенттер, жас кәсіпкерлер, жұмысшылар, спортшылар, еріктілер жиналды. Жас кәсіпкер Біржан Иманов, «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы Александр Концевич бизнестегі алғашқы қадамдары туралы айтып берді.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір жұртшылығымен кездесті. Вице-премьер «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ел Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Кездесуге сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қатысты.

«Қоғамдық келісім болған кезде оң нәтиже де, әл-ауқат та, гүлдену де болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге үлкен назар аударады. Бұл мемлекет пен қоғамның арасындағы диалогқа қатысты. Мұнда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту керек. ел Үкіметі екі тұжырымдаманы әзірлеуде: «тыңдаушы мемлекет» және азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін дайын болуы тиіс. Бұл құжаттарда Ашық үкімет және халықпен тиімді кері байланыс мәселелері қозғалады. Азаматтардың бірде-бір өтініші, бірде-бір шағымы жауапсыз қалмауы керек», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев

Вице-премьер қоғамдық кеңестердің қызметін күшейту қажеттігін атап өтті. Дарынды балаларды қолдау картасы, балалар мүддесін қорғайтын 2030 жылға дейінгі ҚР мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы әзірленетін болады. 2019 жылдың соңына дейін жинақтардың кірістілігін арттыру мақсатында зейнетақы активтерін инвестициялау тәсілдерін қайта қарау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Г. Головкин атындағы қарағандылық спорт кешенінде болды. Онда жас спортшылар GGG қолдау мақсатында флешмоб өткізді. 6 қазанда Нью-Йорктің белгілі аренасында әлемге әйгілі қарағандылық Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Былғары қолғап шеберлерінің шайқасында бәйгеге IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы тігілді.

Вице-премьер спорт кешенінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, жерлесіміз Қазақстанның даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жеңіске жетуін тіледі. Ал жас спортшылардың ата-аналарына балалардың дене шынықтырудағы жетістіктері мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуін тіледі.

«Біз оған барынша қолдау көрсетеміз, сәттілік пен жеңіс тілейміз. Геннадий тағы да әлемнің үздік боксшыларының бірі екенін дәлелдеуі тиіс. Балаларыңыздың спортпен айналысатыны қуантады. Егер олар спортқа, өнерге тартылса, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысса, онда дені сау, тәрбиелі, білімді болады, ең бастысы – құқық бұзушылық әрекеттерге бармайды. Бізде көптеген спорттық және мәдени нысандар бар. Оларды барынша пайдалану керек, жастарды салауатты өмір салтына жаппай жұмылдыру керек. Ал ата-аналар бұған ықпал етуі тиіс», — деді Б. Сапарбаев жас қарағандылықтардың ата-аналарымен кездесуі барысында.

Вице-премьер ауыр атлетика, күрес, баскетбол залдарын және жүзу бассейнін аралап көрді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.