• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» пікірталас клубының отырысына қатысты

04.10.2019
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыртуымен жыл сайын өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XVI пленарлық сессиясына қатысты. Әлемнің ондаған елінен келген беделді саясаткерлер мен белгілі сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің басын қосқан биылғы форум ғаламдық геосаясаттағы Шығыстың рөлі тақырыбына арналды.

Мемлекет басшысы шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан тарихи және географиялық орналасу жағынан Шығыспен де, Батыспен де  байланыс орнатқанын атап өтті.

– Біз исламдық, конфуциандық және шығысхристиандық өркениеттердің тоғысында орналасқанбыз. Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда, еуразиялық өмір салты қазақтардың мәдени кодының негізгі бөлшегін құрайды,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, «Азия ғасыры» дегеніміз, бұл – халықтың өсу қарқыны, жалпы ішкі өнім, сауда, өнеркәсіп және жоғары технологиялық өндіріс.

– 2018 жылы әлемнің ең табысты 500 ірі компаниясының 210-ы азиялық болған. Азия компаниялары цифрлық технологиялар саласында әлемдегі көшбасшылардың бірі саналады. Бұл құрлықтағы елдер ғаламдық жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын қамтамасыз етіп, халықаралық сауда мен инвестицияларды ынталандыруда,– деді Мемлекет басшысы.

Баяндама барысында ғаламдық және аймақтық дамудың оң тенденцияларымен қатар, сын-қатерлері де айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Корей түбегі, Оңтүстік Қытай теңізі, Кашмир, Ауғанстан, Йемен, Сирия, Палестина-Израиль қақтығыс аймағы, Иран мәселесі секілді көптеген аймақтағы қақтығыс ошақтары геосаясаттағы «баяу жарылатын минаға» айналғанын айтты.

Қазақстан Президенті аймақтағы негізгі елдердің арасындағы бір-біріне деген сенім тапшылығы, «қырғи-қабақ соғыс» элементтерінің қайта бас көтеруі, қақтығыстар, санкциялар мен сенімсіздіктерге жетелейтінін атады.

– Азиядағы қауіпсіздікті бөлшектеуге қатысты тиімді формулалар іздеу қажет. Бүгінде әртүрлі екіжақты альянстар, аймақтық және субаймақтық институттар «саясат көрпесін» өздеріне тартуда. Қытай халқы айтпақшы, Азияда «бір көрпенің астында жатып, әртүрлі түс көреді»,– деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2020-2022 жылдары Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық ету барысында өзге де көпжақты институттармен байланысты күшейтуді жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Қазақстан басшысының айтуынша, климаттың өзгеруі де күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала бермек.

– Ғаламдық жылыну мұздақтардың еруін, шөлейттер мен топырақтың құнарсыздануын жылдамдатып жібереді. Осыған байланысты Азиядағы қақтығыстар таза ауыз су көздерін бақылауға қарай ойысуы мүмкін. Ал бұл – Орталық Азия аймағындағы тұрақсыздық тудыруы ықтимал мәселенің бірі екені белгілі,– деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы қақтығыстардың алдын алу мақсатында өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жүйелі және бірлескен жұмыс жүргізуді дұрыс деп санайтынын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан ЕАЭО аясында конструктивті жұмысты жалғастыра бермек.

– Конъюнктураның нашарлауына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, біздің ұжымдық бірлестігіміз беделді экономикалық ұйымға айналып келеді. Бұған ұйымның сауда әріптестік желісінің Сингапурдан Сербияға дейінгі кеңістікті қамтуы айқын дәлел,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміздің бітімгершілік мәселесіндегі ұстанымын айта келе, Президент Қазақстанның аймақтық қақтығыстарды реттеуде әділ арағайындықты жақтайтынын айтты. Мемлекет басшысы Таяу Шығыс үшін, оның ішінде, Сирия бойынша Астана процесінде  өміршең шешімдер іздестіруге дайын әрі қолдауға әзір екенін мәлімдеді. Қазақстан соңғы айларда шиеленісіп кеткен Ауғанстандағы жағдайды бақылауда ұстайды және көмектесуді жалғастыра береді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның әрқашан қарусыздану мен сындарлы дипломатияны жақтайтынын атап өтті.

– Қауіпсіздік проблемаларын шешуде ұжымдық көзқарастарды сарапқа салатын алаң екенін дәлелдеген Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес зор рөл атқаруы мүмкін. Осы форумды толыққанды ұйымға айналдыру мәселесін талқылайтын уақыт келді,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баяндамада Қазақстан қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беру қызметін жалғастыра беретіні айтылды.

– Қауіпсіздіктің сан қырлы қатерлерін кешенді түрде шешпей, Азияның экономикалық ғажайыбын жүзеге асыру мүмкін емес. Ұжымдасып әрекет етпесек «Азияның даму ғасырының» орнына бүкіл ғаламға кесірі тиетін көмескіленген «Азияның күңгірт күндеріне» тап болуымыз мүмкін,– деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыстың өзара іс-қимылынсыз Шығыста тиімді қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру мүмкін емес деп санайды. Осы орайда, ол Қазақстанның АӨСШК мен ЕҚЫҰ ұйымдарының мүмкіндіктерін біріктіру туралы ұсынысын еске салды.

– Біздің аймақтағы ортақ жұмысымыздың негізгі бағыты терроризм және экстремизммен, ұйымдасқан қылмыспен, заңсыз миграциямен, есірткі тасымалымен күрес болуы ықтимал. Ал адами капиталды дамыту, мемлекеттік басқарудың үздік үлгілерін енгізу, инновациялық мүмкіндіктерді жетілдіру, су ресурстарын тиімді әрі теңдей пайдалану – біздің жасампаздық жолындағы дамуымыздың басты бағдары болуы тиіс,– деді Мемлекет басшысы.

Пленарлық сессия барысында Ресей Президенті Владимир Путин, Иордания Королі ІІ Абдалла, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Филиппин Президенті Родриго Дутерте сөз сөйледі.

Ақорда

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.