• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ішкі саясаттың ілкімді істері БАҚ назарында

04.10.2019
0

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау аясында бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева баспасөз брифингін өткізді.

Басқарманың бастамашы болуымен ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы жылғы Жолдауы аясында  қала тұрғындарымен 125 кездесу өткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты. Басқарма  идеологиялық жұмыстардың басым бағыттары ретінде  Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді айқындап алған.

Әсіресе, азаматтық қоғам институттарымен байланысты нығайту, қоғаммен кері байланысты  орнықтыруға басымдық  берілген. Басқарма қалада жұмыс істеп отырған 6 саяси партия филиалдары, жалпы тіркелген 400-ден астам үкіметтік  ұйымдардың ішіндегі белсенді жұмыс атқарып отырған 90-нан астам қоғамдық ұйыммен 8 бағыт бойынша тығыз байланыста  жүргізуде.

Жуырда қала әкімі Е.Айтаханов азаматтық сектор белсенділерімен ашық форматта кездесу өткізіп, ұсныстарын тыңдап нақты проблемалық мәселелер бойына іс-жоспары түзілді. Соның бірі-үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстарды жандандыру мақсатында  «Азаматтық орталық» ашу көзделіп отыр.

Жалпы, биыл үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 57 іс-шара өткізіліп, 5  бірлескен жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Азаматтық сектор өкілдерімен «ӘРЕКЕТ» жобасы аясында семинар ұйымдастырған.

Шымкент қалалық  ішкі саясат және дін істері басқармасы  «Ақпараттық коммуникациялық орталық», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы», «Шымкент ақпарат орталығы», «Рухани жаңғыру кеңсесінің жұмыстарын үйлестіріп отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 172 мың адамның қатысуымен 300-ден астам іс-шара өткізілді. «Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен 6 жобаны іске асырған.

Мемлекеттік рәміздердің қолданылуына, насихатталуына және стандартқа сәйкестігіне мониторинг жүргізіліп, тиісті талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылуда.

Қала әкімдігінің «Shymkent.gov.kz» ресми сайтында әкімнің «Виртуалды қабылдау» блогы іске қосылып, БАҚ-та жарияланған резонансты материалдар бойынша «кері байланыс» жүйесі қолға алынған.

Қалада әрекет ететін 155 БАҚ қызметіне мониторинг жүргізіліп, тиісті заң талаптары бұзылған 7 факт бойынша шаралар қабыладанып, заңның орындалуы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік атқарушы органдар қызметінің жариялығын қамтамасыз ету бағытында қала әкімдігінде ақпараттық-коммуникациялық орталық ашылып, жыл басынан бері БАҚ өкілдеріне арналған 44 баспасөз-конференциясы өткізілді.

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыты бойынша қаладағы тіркеуден өткен 135 діни бірлестіктер және филиалдарымен ықпалдастық жолға қойылған.

Басқарма жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтарымен түрлі бағыттағы 325 кездесу өткізіліп, оларға барлығы 65 мыңға жуық шымкенттіктер қамтылды.

Басқарманың ықпалымен 104 мешітте бейнебақылау камералары орнатылып, мешітке келушілердің қаупсіздігі назарға алынды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы 4 негізгі міндеттер басшылыққа алынған.

Басқарма тарапынан қоғамның барлық саласын қамтыған 5 тақырыптағы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оларға барлығы 3600 респондент қамтылды. Әлеуметтанушылық зерттеулер бойынша қоғам тұрақтылығына ықпал етуші факторлар ретінде азық-түлік өнімдері мен тауарлар құнының өсуі, көпбалалы аналардың мәселесі және оларға әлеуметтік көмектің тағайындалуы, сыбайлас жемқорлық мәселесі және тұрғын үйге байланысты шиеленістер айқындалған. Талдау қорытындысы салалық атқарушы мемлекеттік органдарға жіберілді.

Діни тұрақтылық мәселесі бойынша барлығы 400 респонденттің қатысуымен социологиялық зерттеу жүргізіліп, тұрғындардың діни наным-сенімі, дәстүрлі дінге көзқарасы, радикалды діни ұйымдарға байланысты ұстанымдары сарапталды.

Алдағы кезеңде басқарма тарапынан атқарылатын жұмыстар:

— Қала көшелеріндегі билбордтарды қазақ ойшылдары мен өмірден өткен және көзі тірі ақын жазушыларымыздың ұлағатты сөздерімен безендіру шарасы қолға алынып, қазіргі таңда қаланың негізгі көшелеріне 70 жуық жаңа үлгідегі билбордтар орнатылды; —  Алаштың ардақтылары мен қазақтың алып тұлғаларын ұлықтау мақсатында С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың 125 жылдықтарына орай республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланып отыр;

— Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және азаматтық институттарды дамытуда «Шырайлы Шымкент: Береке басы — бірлік»,  «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі»,  Шымкент – мәдениет пен өркениеттің орталығы» форумдарын өткізу;

— «Рухани жаңғыру» қалалық кеңсесіне арнайы ғимарат бөлу;

— «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» семинар-тимбилдингін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру іс-шараларын өткізіледі;

— Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Бас муфтий кеңесшісі Алтынбек Ұтысхан мен дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайдың қатысуымен «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның ролі», «Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар» семинарлары өткізіледі, «Қазақстандағы дін аралық қарым қатынастарды дамыту» дөңгелек үстел мәжілісін, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру семинар-тренингтер ұйымдастыру;

— «Таза қала» акциясы аясында «Үздік аудан», «Үздік аула», «Үздік көше» номинацияларын тағайындау;

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!»,  бастауыш ардагерлер ұйымдары арасында және  Шымкент қаласының көрікті жерлері бойынша «Объектив — 2019» байқауларын,  қаланың киелі орындарына экспедиция мен экскурсиялар циклін ұйымдастыру;

— «Ontustik» телеарнасында «Сындарлы қоғамдық диалог» телебағдарламасын тұрақты шығару;

— БАҚ өкілдері арасында «Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы»,  «Үздік номинациялар — 2019»  шығармашылық байқауларын, спартакиада өткізу;

— 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай фотокөрме ұйымдастыру жоспарланған.

Ал, келесі жылға ұлы ақынымыз Абайдың – 175 жылдығы мен ғұлама ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай әдеби эстафета, ғылыми конференция, форумдар мен дөңгелек үстелдер, пәндік олимпиадалар өткізу жоспарланып отыр.  Сонымен қатар, ақпараттық қолдау мақсатында арнайы лоттар бөлініп, насихаттық жұмыстар жүргізілетін болады (постер, инфографика, қысқа метражды роликтер, бейне анонстар, топиктер, баннерлер және т.б.).

Алдағы өтетін байқаулардың ережелері:

Байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында «Үздік номинациялар — 2019» байқауына БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 07 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін тапсыруы керек.

«Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» шығармашылық байқауына 2019 жылдың 04 қазанынан — 07 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады. Ұсынылған жұмыстар «Рухани жаңғыру» мемлеккеттік Бағдарламасының: 1) «Бәсекелік қабілет», 2) «Прагматизам», 3) «Ұлттық бірегейлікті сақтау», 4) «Білімнің салтанат құруы», 5) «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», 6) «Сананың ашықтығы» бағыттарына сәйкес Шымкент қаласы бойынша материалдар қабылданады. Әрбір қатысушы немес ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алады.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі Спартакиада шағын футболдан және волейболдан өтеді. Спартакиадаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тіркелген  бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелері қатыса алады. Өтініш беруші ұжымдарға шектеу қойылмайды. Қызметкерлері көп мекемелер бірнеше командаға бөлініп қатысуына болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.