• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

02.10.2019
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулерден кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.

Кеңестің кеңейтілген отырысына Белорусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Сонымен қатар, шараға Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде Молдова Республикасының президенті Игорь Додон, құрметті қонақтар – Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани және Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лун қатысып отырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде армян тарапына жылы қабылдауына және отырысқа жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың әлемдік сауда-саттықты дамытудың аса маңызды бөлігіне айналғанына сенімді екенін айтты.

Қазақстан Президенті нарықтың жылдам өзгеріп жатқан конъюктурасы, державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы, сауда соғысы, протекционизмнің өсуі әлем экономикасының тұрақсыздығына соқтыруы мүмкін деп атап өтті.

– Ғаламдық күрделі жағдайда мемлекеттеріміздің экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұған шынайы әрі өзара ынтымақтастық, интеграция мен кооперацияның арқасында ғана қол жеткізуге болады. Біздің елдеріміз ортақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою жұмыстарын жалғастыра беруі керек,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сауда жасаудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

– Комиссия ұлттық заңнамаларға мониторинг тетіктерін күшейте алады және солай істеуге тиіс деп ойлаймын. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қолданыстағы құқықтарды түсіндіру мен ақпараттандырудың тиімді тетіктерін әзірлеу қажет,– деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық одақ аясындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықтың оң нәтижелерін айта келе, Еуразиялық экономикалық комиссияға және ел үкіметтеріне ЕАЭО-ның біртұтас транзиттік жүйесін дайындау жұмыстарын жеделдетуді, сонымен қатар, озық технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды ұсынды.

– Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік операциялар мен экспорт-импорттың көлемі тұрақты артып келе жатқанын байқауға болады. Вьетнам – Қытай – Еуропа бағыты бойынша іске қосылған трансконтиненталді теміржол желісі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына кіретін мемлекеттердің нарығына біздің елдердің өнімдерін шығарудың логистикалық мәселесін шешеді. Аталған көлік дәлізі теңіз тасымалына жақсы балама және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы қысқа мерзімде жүк жеткізуге мүмкіндік береді,– деді Мемлекет басшысы.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер мен Сингапур Республикасының арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою болды. Аталған келісім ЕАЭО елдері үшін 600 миллион халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына мүше-мемлекеттердің алып нарығына жол ашады. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті кеңейіп жатқан жаңа нарықтар мен сауда-экономикалық байланыстырды дамытып, аталған бағыттағы келіссөздердің жоғары деңгейін сақтап қалу маңызды екенін айтты.

– Еуразиялық экономикалық одақ болашақта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы және басқа да ірі халықаралық ұйымдармен байланыстарды арттыруға басымдық беруі керек. Бүгін Жоғары кеңестің барысында Сингапур Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды. Осымен ЕАЭО осы бағытта Вьетнамды қоса айтқанда екінші елмен келісім жасады. Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық және логистикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды мәселе, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

* * *

Жоғары Еуразиялық экономикалық отырысының соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисянды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысы бойынша 20 құжат қабылданды.

Шешім:

1. Еуразиялық экономикалық форумы туралы;

2. ЕЭК алқасының төрағасы туралы;

3. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жеке құрамы мен мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлу туралы;

4. ЕАЭО сотына шаруашылық субъектілер шағымданған жағдайда төлейтін алым көлемін бекіту туралы;

5.  2014 жылғы 10 қазандағы №79 ЖЕЭК шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6. ЕАЭО-ның 2018 жылғы бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп туралы;

7. ЕАЭО-ның 2020 жылғы бюджеті туралы;

8.  ЕАЭО-ның 2020 жылғы халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы;

9. ЕАЭО-ның жалпы қаржылық нарығын құру Тұжырымдамасы туралы;

10.    ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО бюджетіне жарналық қарыздарын өтеу Тәртібін бекіту туралы;

11.    ЕЭК алқасына мүшелік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

12. ЕЭК алқасына мүше тағайындау туралы;

13.    ЕЭК жұмыс регламентінің №1 қосымшасына өзгеріс енгізу туралы;

14. ЕАЭО-ның агроөнеркәсіптік саясаты жөніндегі Кеңесі туралы ережесіне өзгеріс енгізу туралы.

Өкім:

1.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік алымдар сомасын бөлу нормативтеріне байланысты мәселелер туралы;

2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше-мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру туралы;

3. ЖЕЭК-тің кезекті отырысын өткізу орны мен уақыты туралы.

Актілер:

  1. 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісімнің кедендік алымдар сомасын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту бөліміне өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол  қою туралы;
  2. 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісімнің аванстық төлемдерді қаржылай (ақша) төлеу мүмкіндіктерін тану бөліміне өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы;
  3. 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісімнің техникалық, кедендік, көліктік реттеу, санитарлық, фитосанитариялық шаралар, ақпараттық өзара іс-қимыл, макроэкономика, бәсекелестік және энергетика бөліміне өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы.

Ақорда

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.