• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

А.Мамин: Қазақстан экономикаға кешенді «жасыл» шараларды енгізуде елеулі жетістіктерге қол жеткізді

27.09.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» пленарлық отырысына қатысты, деп хабарланған primeminister.kz сайтында.

Үкімет басшысы «Digital energy» көрмесін қарап, Исландияның экс-Президенті және  «Арктикалық шеңбер» халықаралық форумының төрағасы О. Р. Гримссонмен кездесу өткізді, онда Алматы облысында геотермалды энергетиканы дамыту перспективасын талқылады, сондай-ақ, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы М. С. Баркиндомен кездесуде Қазақстанның ОПЕК-пен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Асқар Мамин Қазақстанның дәстүрлі қуат көздерінің тиімділігі мен өнімділігін арттыратынын, сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде өзінің позициясын жоспарлы түрде нығайтатынын атап өтті.

«2017 жылы Астанада Экспо көрмесін өткізген уақыттан бері Қазақстан экономикаға кешенді «жасыл» шараларды енгізуде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде біз 3000-нан астам мегаваттқа дейін жаңартылатын энергия көздері қоржынын кеңейттік. 2019 жылдың алғашқы 6 айының өзінде сектордағы өндіріс 31,7%-ға ұлғайтылды», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы Қазақстан жылына 90 млн-ға жуық тонна мұнай өндіретінін, бұл елімізді 15 ірі әлемдік өндірушілердің қатарына қосатынын атап өтті.

«Біз 2014 жылы 14,9 млн мұнай өңдесек, 2019 жылы 17,2 млн тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отырмыз. Бұл бізге бірқатар мұнай өнімдеріне деген ішкі қажеттіліктерімізді толығымен жабуға мүмкіндік береді. Осы жылы табиғи газ өндіру 55 млрд текше метрден асады деп күтілуде. Қазіргі қарқын сақталған жағдайда біз 2027 жылға қарай 80 млрд текше метрден астам өндіреміз», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр іске асыру және әзірлеу сатыларындағы қолда бар жобалар қоржыны Қазақстанды әлемдегі полиэтилен мен полипропиленнің ірі экспорттаушысына айналдыруға арналғанын атап өтті.

«Газ өндіретін жабдыққа сұраныстың артуы газ-химия машинасын жасауда елеулі жетістіктерге әкелді. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін саладағы өндіріс көлемі шамамен 40%-ға — 39,4 млрд-тан 54,8 млрд теңгеге дейін өсті, бұл бүкіл экономика үшін әртараптандырудың өсіп келе жатқан әлеуетін көрсетеді», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Kazenergy Еуразиялық форумы өзінің он жылдан астам тарихында аймақтағы энергетикалық сектордың басты халықаралық шарасына айналды. Форум энергетикалық нарыққа қатысушылар арасында тиімді диалогты қамтамасыз етуге, энергетикалық жүйені дамытудың өзекті үрдістері мен бағыттарын қарастыруға бағытталған. Аталған шара аясында алға қойылған перспективалар мен стратегиялық бастамалар еліміздің мұнай-газ және энергетикалық кешенінің серпінді және тұрақты дамуына қолайлы жағдайлар жасайды.

Жыл сайын Форумға әлемнің 50-ден астам елінен 2500-ден астам қатысушы, оның ішінде 30-дан астам халықаралық ұйымдар, сондай-ақ 300-ге жуық ірі энергетикалық компаниялар келеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.