• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі

25.09.2019
0

БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының Жалпы дебатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі Нью-Йорк сапарының басты оқиғасы болды.

Қазақстан Президенті халықаралық беделді мінберде БҰҰ бүкіл адамзаттың мүддесін қорғайтын әмбебап әрі бірегей ұйым екенін мәлімдеді.

– Бүгінде Ұлттар ұйымы ғаламдық даму және өркениеттер сабақтастығын қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарып келеді. Бас хатшы Антониу Гутерриштің әр адам мен мемлекет тағдырын ортақ құндылық деп тауып, назардан тыс қалдырмау идеясын Қазақстан толық қолдайды,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда елеулі кедергі келтіріп отырған әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық өзгерістерге қатысты өзінің алаңдаушылығын білдірді.

Осыған байланысты Президент ғаламның жаңа шынайы келбеті жағдайындағы сын-қатерлердің негізгі факторларын атап көрсетті.

– Біріншіден, ескі қақтығыстардың қайта қаулап, әлемнің әр түкпіріндегі жағдайдың ушығуы бұрынғы бөліністердің жігін ашып, жаһандық державаларды толықтай әскери қақтығыс жағдайына жеткізіп, жаңа мәселелер туындатып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екінші фактор ретінде ғаламдық және аймақтық ойыншылар арасындағы қарым-қатынаста бір-біріне деген сенімнің жоқтығын атады. Оның айтуынша, бұл бүгінгі қауіпсіздік құрылымы мен қарулануды бақылау жүйесінің іргесін сөгіп, жаппай қарулануға әкеп соғуы мүмкін.

– Бұл сын-қатерлерді ұзақ мерзімді санкциялар, сауда соғысы, ғарыштағы бақталастықтың артуы, кибертехнологиялар мен жасанды интеллект тереңдетіп жіберді. Осы айтылғандардың барлығы ушыққан фундаменталды дағдарыстың қауіпті аспектілерінің көрінісі,– деді Президент.

Мемлекет басшысы үшінші фактор ретінде Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы әлеуметтік, экономикалық және технологиялық теңсіздікті, көзқарастар қақтығысының артуы, сонымен қатар ғаламдық қарыз дағдарысын атап көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев протекционизм мен ұлтшылдық саясатының күшеюі халықаралық әріптестік пен ынтымақтастыққа кедергі келтіріп отыр деп санайды.

Ғаламдық тұрақсыздық факторын тудыратын төртінші мәселе – қоршаған ортаның тозуы. Президент Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі даланың шөлге айналуына, мұздықтардың еруіне және ауыз су мен ағын судың қайнар көзінің тартылуына әкеліп соғатынын мәлімдеді.

– Осындай күрделі жағдайда Қазақстан инклюзивті және тұрақты даму, жан-жақты диалог пен бейбітшілікті сақтау саясатын ұдайы жүзеге асырып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ядролық қарудан азат бейбітшілікке қол жеткізу Қазақстан үшін негізгі басымдық болып табылатынын атап өтті. Баяндамада еліміздің антиядролық бастамаларына, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаруды таратпау және қарусыздану процесіне қосқан елеулі үлесіне зор көңіл бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға қатысты жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспары мен Корей түбегін ядролық қарусыздандыруды жүзеге асырудағы проблемалар тараптардың өзара мүдделерін ескере отырып, тек саяси әдіс-тәсілмен ғана шешілуі керек деп есептейді.

Мемлекет басшысы өз баяндамасында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті қауіпсіздік пен даму бойынша толыққанды аймақтық ұйым ретінде қайта құруды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан бұл ұсынысты 2020 жылы аталған ұйымға төрағалық ету кезінде жүзеге асыруды қолға алмақ.

Президент Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты біздің елдің ұстанымын айтып, «Жусан» гуманитарлық операциясының тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ өз миссиясын орындау барысында кезігетін кейбір кедергілерге назар аударды. Осы орайда, Мемлекет басшысы Бас хатшы Антониу Гутерриштің БҰҰ-ны реформалау жөніндегі нақты әрі батыл қадамдарын ұйымға мүше-мемлекеттердің барлығы кеңінен қолдауға лайықты екенін атап өтті.

Тұрақты даму мақсаттары туралы айта келе, Президент биылғы мамыр айында Қазақстанда ашылған Халықаралық ұйымдар ғимаратының базасында Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму орталығын құру жөнінде ұсыныс білдірді.

Ақорда

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.