• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Ақпан 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен кездесті

24.09.2019
0

Мемлекет басшысының Нью-Йоркке жасаған сапарының алғашқы күніне құрылған ресми бағдарламасы америкалық ірі компаниялардың басшылары қатысқан жиын өткізуімен түйінделді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан-Америка бизнес-қауымдастығының өкілдерін Қауымдастықтың құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Президент сөз басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айындағы АҚШ-қа сапары аясында жасалған қазақстандық-америкалық кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылғанына тоқталып, сол кезден бастап екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың айтарлықтай нығая түскенін атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі екенін де айтты. Бүгінде біздің елімізге америкалық инвесторлар жалпы көлемі 45 миллиард доллардан астам қаржы салған. Қазақстанда 500-ден аса америкалық компания жұмыс істейді.

– 2018 жылы Қазақстанға тікелей тартылған америкалық инвестициялар көлемі 5,3 миллиард долларға жетіп, жаңа рекорд орнатты. Ал өзара сауда көлемі екі есеге артып, 2018 жылы 2,8 миллиард долларды құрады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы айтқан Президент америкалық бизнесмендердің назарын ел дамуындағы үш маңызды мәселеге аударды. Олар: қолайлы инвестициялық ахуал, нарық пен коммуникацияны дамыту және адами капиталды нығайту.

Мемлекет басшысы америкалық серіктестерге Қазақстан Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында заң үстемдігін, келісім-шарттарға  қол сұғылмауын және зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді. Оның айтуынша, инвесторлармен жұмыс істеудегі басты мәселе тұрақтылық пен ашықтықты сақтау болып табылады.

Әңгіме барысында Қазақстанның энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және адами капитал салаларындағы әлеуеті туралы да айтылды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне де жеке тоқталды.

– Қазақстан Шығыс пен Батысты жалғайтын маңызды көлік хабы болып есептеледі. Трансконтиненталдық бағыттардың 70 пайыздан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Американың іскер топ өкілдеріне ел Президенті ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық әріптестіктің артуына күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Осы күні Мемлекет басшысы тағы да бірқатар ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді.

Президент «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Бен Ван Барденмен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық жайын талқылады.

Мемлекет басшысы «JPMorgan Chase & Co.» трансұлттық компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джейми Даймонмен қаржы институттары арқылы өзара іс-қимыл мәселесін қарады.

«Tyson Fresh Meats» компаниясының президенті Стив Стауффермен және «Valmont Industries» компаниясының бас атқарушы директоры Стив Каневскимен кездесуінде ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қозғалды.

«Plug’ n Play» компаниясының бас атқарушы директоры Саид Амидимен, «500 Startups» стартап-акселераторының және венчурлік қорының вице-президенті, басқарушы серіктесі Беди Янгпен кездесу кезінде стартап-жобалар саласындағы ынтымақтастық перспективалары сөз болды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Amazon Web Services» компаниясының жаһандық мемлекеттік саясат жөніндегі вице-президенті Майкл Пункпен электронды сауда саласындағы өзара іс-қимыл жағдайын талқылады.

Ақорда

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.