Шардарада армрестлинг спортынан 34 әлем чемпионы, 39 әлем чемпионатының жүлдегері, 114 спортшы Азияның жеңімпазы, ал 252 спортшы Қазақстанның чемионатында топ жарған. Бүгінде қол күрестен еліміздегі ұлттық құраманың 80 пайызын шардаралық спортшылар құрайды.Аталған жетістікке жетуде, «Шардара Армспорт» клубының негізін қалаушы, Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Арман Қарсыбаевтың еңбегі орасан. Ол -2005 жылы Жапония елінде әлем чемионы болған. Сол кезеңнен бастап , Шардаралық жігіттер Республика бойынша қол күрестің «каролі» атанып келеді.
Арман Романұлының бастамасымен спорт мектебінде садақ ату, күрес, бокс, ауыр және жеңіл атлетика бағыттары да дамып келеді. «Шардара Армспорт» спорт клубының негізін қалаған Қарсыбаев Арман Романұлына спорттың дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев алғысын білдірген. Сонымен қатар, Өмірзақ Естайұлы “Әлем чемпиондары” аллеясының, “Шардара Армспорт” клубының таэквон-до, карате және жеңіл атлетика залдарының ашылу салтанатына қатысып, спорт клубына жас спортшыларды жарыстарға тасымалдайтын шағын автобус тарту етті.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...