Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Береке Талғатұлы Дүйсебеков Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» баспасөз қызметі.
Осы тағайындауларға сәйкес, Береке Талғатұлы облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысы қызметінен босатылды.
Береке Дүйсебеков орталық басшысы қызметінде 2 жарым жылдан астам уақыт еңбек етіп, Оңтүстік жастарының қоғамдық-әлеуметтік өмірінің өңін келтіріп, жаңа бастамаларына жаңаша тыныс ашқан болатын. Сонымен қатар Түркістан тарихындағы айтулы зерлі оқиғаның бастамашысы һәм қолдаушылары қатарында , жаңа облыстың бүгінгі мен болашақ келбетінің алғашқы кірпішін қалауға аттанған жастардың, «Ұлы көшін» тарихи ордаға бастап келді.