• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шардараға келіңіз, Қызылқұмды көріңіз…

09.09.2019
0

         Тұралап қалған туризмді аяқтан тұрғызатын кез жетті. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары арқылы қасиет қонған Ұлы даланың кереметін айшықтауды айқындап берген болатын. Ал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұста, туризм саласын ілгерілетуде осыған дейін аз іс атқарылмағандығын, енді еліміздің баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жолдарын қарастыруымыз қажеттігін айтты. Тақырып талқысына түскелі тұрған өлке — Шардара аймағы. Бұл мекен туризмді жоғары деңгейде дамытуды сұранып тұр.

       «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы бұл жолы үш бірдей мемлекетті алып жатқан әйгілі Қызылқұмның Сіз бен Біз біле бермейтін ғажайыбын көрдік.

     Кешкі ымырттан соң Шардара су қоймасы маңындағы «Керемет» қонақ үйінде аялдадық. Келесі күні жер бетінің жаңа кейіпке енетін сәті таңның атуымен бірге сағат 7:00-де Шардара су қоймасының жағалауына шықтық.

            Көкжиектен енді ғана көтеріліп келе жатқан күнмен шағылысқан көл суын көргендегі кереметтей әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың мұндай тамашасын сезінгенде, бүкіл әлемді ұмытып, рухани тыныстап қаласың. Дегенмен, осындайда «табиғат ананың сыйын қаншалықты қадірлеп жатырмыз?» деген сұрақтар мазалары сөзсіз. Жағалау маңында демалыс орындарын, туристерге қолайлы мейрамханалар, тағы да басқа демалысқа қажетті дүниелер жасалса нұр үстіне нұр болар ма еді?!
Әрине, табиғат сұлулығын суреттеудің жөні бір бөлек. Ал, біздің мақсатымыз — құм арасындағы қызықты өмірмен танысып, көрермендермен бөлісу. Осылайша, Қазақстандағы шөлдердің бірегейі Қызылқұмға Сырдарияны жағалай еніп кеттік.  Шөлдің аумағы Өзбекстан, Қазақстан және шағын оңтүстік батыс бөлігі Түркіменстан Республикасында жатыр.

           Шөл арасындағы экстримді жолдармен жүріп өткенде, мұнда мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың көптігіне куә болдық. Олардың құм ортасындағы жай күйі, құдық суымен күнелтуі ерекше назарды аудартады.

Ең бастысы, адам көп шоғырланбаған мекенде, жарықсыз, байланыссыз өмір сүруі — кімді де болсын таңғалдырады.



Жол бойы Қызылқұмның ыстық құмы ондағы өсімдік түрлерін, бейне бір аспан әлеміндегі қорғаушымызға ұқсайтын құстар тіршілігін тамашаладық.

         Осылайша, ойлы қилы, құмды жолды еңсеріп, Шардарадан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Бимырза ауылына тоқтадық. Аталған елді-мекенде 7-8 ғана үйдің түтіні түтеп отыр. Қалтай Сүгірәлиев осы ауылдың тұрғыны. Дүние есігін ашқалы, құм арасында өмір сүріп келеді. Өзге ауыл тұрғындары секілді, бұл отбасы да мал шаруашылығымен айналысады.

Ал жары Салтанат Пайызова — медбике. Өкінішке орай, қазір мұндағы медициналық пункт, адам санының аздығына байланысты, өз жұмысын тоқтатқан. Соған қарамастан, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде. Ауылда білім ошағы жоқ. Балалар аудан орталығына барып, сондағы мектепте білім алады екен.  Тұрғындардың ендігі сұранысы, ауыл мен аудан арасында тасымалдайтын көлік берілсе екен дейді.

Құм арасында орналасқан Бимырза ауылының тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі ахуалымен таныстық. Ал біздің, сапарымыз әрмен қарай жалғасын тапты. Ендігі нысан — Найман Бұхарбай ауылы.

    Жүйткіген көліктер, құм арасындағы жолдамен Наймар Бұхарбай ауылына қарай бағыт алды. Ой мен қырды бағындырып, құмдағы көріністерге куә болдық. Айнала тым-тырыс. Самалдың ықпалымен тербелген сексеуіл ағаштары мен сан түрлі өсімдіктер.


Экстримді жолдарды жүріп өтіп, 80 шақырым жолды еңсердік. Осылайша, Мақтаарал ауданына қарайтын Найман Бұхарбай ауылына да келіп жеттік. Бұхарбай атты қарияның есіміне қойылған бұл ауылда да 6-7 ғана тұрғын үй бар. Шаруашылықпен айналысатын ауыл тұрғындары мұнда емдік шөптердің көптеп өсетіндігін айтады. Жанғали Нұрымбетов бізге ауыл жайын айтып берген болатын. Бұл ауылда да мектеп жоқ. Балалар Мақтаарал ауданына немесе Шардара ауданында білім алатын көрінеді. Мұндағы тұрғындар: «Байланыстың жоқтығы, қинайды. Алыста жүрген балаларымызбен, жақындарымызбен тілдесу қиын»,-дейді.

Ерекше атап өтетін жайт, Шардара өңіріндегі құмға да талай қазақтың ұлы тұлғаларының ізі қалған. Сондай алып тұлғалардың бірі — Шәкәрім қажы. Мұндай ақпарат қайдан шықты дейсіз ғой? Белгілі ақын Бауыржан Қарабектің «Құмдағы жазулар» атты кітабында Шәкәрім Құдайбердіұлының Қызылқұмға келгені жөнінде жазған. 1923 жылдың көктемінде, дәлірек айтсақ мамыр айының 23-і күні Қызылқұмда отырған ауылға жанында төрт жігіті бар Шәкәрім қажы келіпті. Ақынға бұл мәліметті Төлеген Мамашәріпұлы айтып берген екен. Ендігі біздің айтпағымыз, осындай қазақтың нар тұлғалы азаматының ізі қалған өңірмен күллі қазақ баласының етене жақын болуы міндет емес пе? Ішкі туризмнің жоғары деңгейде дамуы- туристердің Қызылқұмға қызығушылығын оятары сөзсіз.

       Құм арасында орналасқан өлкенің ахуалы міне осындай. Тұрғындармен танысып, атқарып жатқан жұмыстарын көзбен көрдік. Бұл өлке — мал шаруашылығына өте қолайлы. Тұрғындардың бұл аймаққа сіңісіп, үйренгендігі соншалық: «Сыртқа шықсақ, құм арасындағы үйімізге тезірек қайтқымыз келеді»- дейді.

Тоғжан Нарбай,

Жанар Әуез,

Қызылқұм даласынан.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.