ҚР Парламенті жанынан Заңнаманы зерделеу және сараптау институты құрылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құрылымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес алдын ала жұмыс жүргізуі қажет. Бұл үшін бақылау, талдау және болжау жүйесін неғұрлым күшейту керек. Сондықтан депутаттарымыздың өтініштеріне орай Парламент жанынан Заңнаманы зерделеу және сараптау институтын құру жөнінде тапсырма беремін», — деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің пайымынша, аталған құрылым заңдарымыздың сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс.
Дереккөз: inform.kz