• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?

01.09.2019
0

Биылғы оқу жылы мұғалімдердің, студенттердің және олардың ата-аналарының өміріне айтарлықтай өзгерістер әкеледі. 1 қыркүйек қарсаңында Tengrinews.kz редакциясы жаңа оқу жылындағы маңызды жаңалықтармен бөлісуді жөн көрді.

1 қыркүйекте мұғалімдер жұмысқа шықпауға құқылы

Биылғы 1 қыркүйек жексенбіге келеді. Бұл күні мұғалімді жұмысқа тарту үшін оның жазбаша келісімі қажет. Мұның орнына мұғалім басқа уақытта демалыс алуына болады немесе қызметкердің күнделікті (сағаттық) ставкасына сүйене отырып кемінде бір жарым есе төлемақы талап етуіне болады. Егер қызметкер 1 қыркүйектен бастап келуден бас тартса, онда бұл еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды. Бұл үшін мұғалімдер жауапқа тартылмайды.

Ұстаздардың жалақысын екі есе көбейтеді

Бұл шындық, бірақ бірден емес, төрт жылдың көлемінде көтерілетін болады. Билік білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту үшін және қоғамдағы ұстаз мәртебесін көтеру үшін жалақыны көбейтуді көздеп отыр.

Алматыдағы ұстаздарға пәтерлер мен көліктер сыйға тартылады

Ең білікті ұстаздарға сыйға беріледі. Жергілікті билік мұны ынталандыру деп атады. Қалада үздік мұғалімдерді анықтау конкурсы жарияланады. Жеңімпаздар келесі жылы — кәсіби мереке қарсаңында марапатталатын болады.

Оқушыларға оқулықтарын күнделікті арқалап жүрмеуге рұқсат етілді

Ата-аналары мен балалардың оқулық тасымауы өз еркінде болады. Оқушылар оқулықтарды мектепке қалдыруына болады немесе кітаптардың электронды нұсқаларын қолдана отырып, сол жерде пайдалана алады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі «Жеңіл портфель» концепциясын әзірлейді.

Оқу процесіне жаңа пәндер енгізіледі

Жоғары сынып оқушылары «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» оқи бастайды. Олар түрлі жағдайларды талдауға үйренеді — мысалы, кейбір қазақстандық блогерлердің қаржылық жетістіктерінің себептерін анықтау . БҒМ мәліметінше, оқулық пен әдістемелік құралдарды дайындауға танымал кәсіпкерлер де қатысқан. Жаңа тақырып кәсіпкерлікті оқытудың біртұтас еуропалық стандарттарына сай және бірыңғай материалдарды қолдануға бағытталған.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларына «Графика және дизайн» және «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытылады. Бұрынғы «Сызу» және «Әскери дайындық» (АӘД) пәндерінен айтарлықтай айырмашылықтары бар. Студенттер арнайы бағдарламалардың көмегімен дизайн жасайды. Бұл болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер үшін үлкен көмек болады. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында олар инженерлік және робот техникасына баса назар аударады. Бұрын граната көп лақтырып, машина бөлшектеумен шектелетін.

Ағылшын тілін қайта бесінші сыныптан бастап оқытуға болады

Президент ағылшын тілін үйренуді 2-3-сыныптан бастауға немесе ата-аналардың келісімімен бесінші сыныптан бастауға болатындығын айтты. Тоқаев бұл өзгерісті орынды және ұтымды деп санайды.

Ата-аналарға жұмыс дәптерлерін сатып алуға тыйым салынды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың пікірінше, қарапайым дәптерлер оқу процесіне жеткілікті. Сондықтан ол мұғалімдерден ата-аналарды жұмыс дәптерлерін сатып алуға мәжбүрлемеуін өтінді. Мұғалімдерге бес күндік жұмыс күні ұсынылды Министрлік мұғалімдер сенбі күнін өз қалауы бойынша қолдана алады деп есептейді. «Егер мектеп бес күндік жұмыс күніне ауысса, мұғалім сенбі күнін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Мұғалімдер оны үйде отбасымен өткізе алады», — деді министр.

Мектептер смайликтер түрінде бағалаудан бас тартады

Білім және ғылым министрлігінде мұндай эмоционалды түрдегі бағалау жүйесі ата-аналар мен мектеп оқушыларының арасында түсініспеушілік тудырады деген шешім қабылдады. Мұғалімдер әдеттегі бағалауға көшеді.

Мұғалімдерді «өздеріне тән емес қызметке» тартқаны үшін айыппұл салынады.

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді пайдасы жоқ есептерден және кәсіби қызметке байланысты емес жұмыстардан қорғауға ниет білдірді. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (50 500-ден 303 000 теңгеге дейін). «Материалдық және материалдық емес ынталандырулардан басқа, сенбіліктер мен басқа да іс-шараларға қатысатын мұғалімдер туралы айтылады. Бұған жол бермеу үшін біз осындай шешім қабылдадық», — деді Аймағамбетов.

Мұғалімдер еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарта алады

Бұл «Ұстаз мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін мүмкін болады. Заң жобасында осындай ұсыныс бар. Құжатта қолдаудың басқа да жан-жақты шаралары көрсетілген. Мәселен, жүктемені азайту, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, сыныпты басқаруға қосымшаі қаржылық ынталандыру, дәптерлерді тексеру және магистр дәрежесіне қосымша ақы төлеу. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде айтты.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.