Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады, делінген ҚР Блім және ғылым министрлігінің ресми сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама мақсаты — елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми және туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы жеңімпаздарының тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан көреуге болады.