Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Сәкен Қалқаманов тағайындалды.
Сәкен Қалқаманов Павлодардың тумасы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын «Астана», «Қазақстан» телеарналарында журналист болып бастаған. «ҚазАгро» Ұлттық Басқарма Холдингінде», сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде баспасөз хатшысы қызметін атқарса, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі лауазымында жұмыс жасаған. Кейіннен «Success K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінде атқарушы директор, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болған.
Айта кетейік, Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Сәкен Қалқаманов фейсбук әлеуметтік желісінде өз парақшасын белсенді түрде жүргізіп келеді.
«Айғақ-Ақпарат»