• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Open space» форматына көшеді

28.08.2019
0

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында өз құзіретінде облыс көлемінде шешімін таппаған өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес мәжілісінде партия филиалы Төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Партияның 7 бағыты бойынша жұмыс жүргізуді тапсырған өңір басшысы «Nur Otan» партиясының халыққа жақын болуы үшін барынша ашық форматқа көшуді тапсырды.
«Партия ашық болуы тиіс. Оның ғимаратына әр адам еркін кіруі тиіс. Осы орайда облыстағы жобалық кеңсемен бірге «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы «Open space» форматымен жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін басқа ғимаратқа көшеді. Мен өзім осы ашық алаңға келіп, партиямен бірге халықпен жиі кездесетін боламын», — деді Ө. Шөкеев.
Жиында баяндама жасаған партия филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев облыстағы бірқатар мәселелерге тоқталды.
«Демографиялық өсімі ең жоғары Түркістан облысындағы 2 миллионға жуық тұрғынның 464 033 мыңы – оқушы балалар. Осы балалардың жан-жақты дамуына, құқығының қорғалуына бәріміз жауаптымыз. Алайда білім беру ұйымдарында өткізіліп жатқан ауқымды шараларға қарамастан жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық деңгейі төмендемеуде. Бүгінгі бала – ертеңгі қоғам мүшесі, мемлекетті қалыптастыратын тұлға» деп қарасақ, балалардың құқығын сақтауды барлығымыз осындай алқа отырыстарында ашық талқылап іске асырсақ, болашақ ұрпақтың зорлық-зомбылыққа ұшырамасы анық. Осы мақсатта отбасы институтын қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында партияның облыстық, аудандық, қалалық филиалдары жанынан «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг жүргізу және қоғамдық бақылау топтары» құрылып, біршама жұмыстар атқарылды және облыс бойынша өмірлік қиын жағдайдағы көпбалалы отбасыларға мониторинг жүргізілуде», — деп атап өтті партия филиалының бірінші орынбасары Б. Тәжібаев.
Облыстағы екінші өзекті мәселе – жұмыссыздық. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы 71 828 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 43 296 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан, бұл халықтың небәрі 60,2%-ын құрап отыр.
Сондай-ақ Шардара, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында ауылдың ішкі жолдары мен республикалық маңызы бар трассалардың сапасы сын көтермейді.
Аталған 5 ауданның халық саны 700 мыңға жуық. Осы халықтың өмірі тікелей жолмен тығыз байланысты. Статистикаға сүйенсек, жол нашарлығынан 2019 жылдың алғашқы 7 айында 117 жол-көлік оқиғасында 16 адам қайтыс болған. Бұл дегеніміз «Nur Otan» партиясының еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» ұлттық жобасының өз дәрежесінде іске аспай отырғандығын аңғартады.
«Шекаралас аумақтағы стратегиялық маңызы бар осы аудандардағы жолдардың сапасын жақсартатын кез жетті. Бұл – ел тілегі. Сондықтан аталған аудандардың жолдарын жаңартуды және осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін партияның XVIII Съезінде қабылдаған «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында партиялық бақылауды күшейтуді ұсынамыз», — деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтің өзекті тақырыбына айналған атаулы әлеуметтік көмекті алудағы заңсыздықтар да сөз болды. «Е-Халық» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 1000-ға жуық отбасы табысы төмен және мұқтаж отбасыларға ғана берілетін атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу үшін өздерінің нақты табысын жасырған. Осыған байланысты, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұза отырып, рұқсатсыз төленген төлемдерді қайтару және қайта қарау, заңбұзушылықтардың алдын-алу бойынша әрбір анықталған факті бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізілуде», — деді Б. Тәжібаев.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғам белсенділерін, мемлекеттік орган басшыларын, мәслихат депутаттарын, әлеуметтік желі белсенділерін тарта отырып, облыстың өзекті мәселелерін талқылап, тиісті ұсыныстар беру үшін «Түркістан талқы» диалогтық алаңын іске қосуды жоспарлап отыр. Мақсаты – мемлекеттік органдар мен қарапайым халық арасында кері байланыс орнату.
Осы жоба арқылы партия филиалы қоғамдағы, өңірдегі ең өзекті мәселелерді ашық талқылайды.
Сондай-ақ, партия филиалы азаматтардан келіп-түскен арыз-өтініштерді дер кезінде қарау, оларды заң аясында оңтайлы шешу мақсатында облыстық партия филиалының ғимаратында мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен апта сайын тақырыптық қоғамдық қабылдаулар өткізуді әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткізетін болады.

«Nur Otan» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.