Түркістан облысының Кентау, Түркістан, Жетісай қалалары мен Атакент, Асықата, Мырзакент халқы енді «Айғақ» телеарнасын сандық эфирлік тарату желісі бойынша Otau tv-дан t2 құрылғысы арқылы көру мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан, жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналған, жат жұртта қалған тарихи тұлғаларды, орындарды насихаттауға арналған, туған жерге деген сүйіспеншілікпен астасқан танымдық хабарлар мен өзекті жаңалықтарды «Айғақ» телеарнасынан көріңіздер!
Цифрлық эфирлік телевизия (ЦЭТВ) –бұл телевизиялық кескін мен дыбысты цифрлық кодтау арқылы беру технологиясы. Кодтау кедергілерді барынша жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан сурет мен дыбыс ештеңе жоғалтпайды, қаз қалпында беріледі.
«Айғақ-Ақпарат»