2019 жылғы 22 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» Республикалық акциясы шеңберінде тақырыптық қабылдау өтеді.
Қабылдау мүмкіндігі шектеуілі азаматтардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларына турақты түрде назар аудару мақсатында партия атынан құзыретті мемлекеттік органдарға диалог алаңың ұсыну мақсатында өткізіледі.
Қабылдау барысында азаматтарға әлеуметтік, денсаулық мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері мен шарттарын кеңінен хабарлау, сондай-ақ толғандыратын сұрақтары бойынша нақты жауаптар алу мүмкіндіктері ұсынылады.
Дереккөз: «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі