Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ауыл мектептерін жабуға болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
    Айғақ MEDIA

    Ауыл мектептерін жабуға болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.08.2019317 Views

       Елордада өтіп жатқан Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шалғайдағы мектептерді ойланбай жаба беруге болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Бүгінде жалпы білім беретін 7 014 мектептің 128-і үш ауысыммен жұмыс істейді. 31 мектеп апаттық жағдайда. 2019-2020 жылдар аралығында үш ауысымды оқытуды жойып, апаттық мектептерді алмастыру үшін республикалық бюджет есебінен 35 мектеп салынады. Тәуелсіздік жылдарында 1 198 мектеп салынған. Біз демографиялық тенденцияларды ескере отырып, мектептер салу және жаңғырту ісін әрі қарай да жалғастырамыз», — деді Президент өз сөзінде.

    Ол сондай-ақ, шалғайдағы ауылдардың көбі мектептердің арқасында тарамай отырғанын айтты.

    «Білім және ғылым министрлігіне мектеп құрылысына кететін қаржыны жоспарлау жүйесін қайта қарау керек. Нақты айтсақ, нысандық жоспарлаудан нормативтік жоспарлау жүйесіне көшу қажет. Өңір әкімдері жаңа мектеп салу немесе жөндеуді жоспарлау кезінде демографиялық және миграциялық жағдайды ескергені абзал. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жеке меншік мектептер салу жағын қарастыру қажет. Шағын комплектілі мектептерді тиімді дамыту маңызды мәселе. Көптеген шалғайдағы елді мекендер сондай мектептердің арқасында құрымай тұр. Сондықтан мектептерді ойланбастан жабуға болмайды. Мұндайда келешегі айқын елді мекендерге басымдық бере отырып, жан-жақты шешім шығарған жөн. Әрбір шағын комплектілік мектептің ахуалы ауыл тағдырымен тікелей байланысты. Ал ауыл – біздің алтын бесігіміз, ата-бабамыздың мекені, терең тарихымыздың куәсі. Сондықтан оны сақтап қалуымыз керек», — деді Президент.

    Еске салсақ, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Тамыз конференциясы өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты. Конференция барысында Мемлекет басшысы барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін болатынын айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.