Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, тиісті басқарма басшыларының баяндамалары оқылды. Алдымен, қаланың спорт саласын дамыту мен мәдениет мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, «2019-2020 оқу жылына теxникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына алынды.
Айта кетейік, бүгінгі кеңес жұмысының отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова қатысып отыр.