ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шымкенттің жастар мәслихатына үміткерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова жауапты тізгінді қолға алып, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуға ниетті жастарға кеңес берді.
Еліміздегі заң жобаларының қабылдануы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы аясында жас өрендердің өзіндік пікірі мен тиімді ұсыныстары маңызды.
Ол үшін жастар білімді болуы тиіс. Білімді болу — қазіргі заманның «модасы», яғни басты тренді дейді. Осылай деген Сенаторлар жастар мәслихатына үміткерлерді сапалы білім алуға үндеді.