Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ерлан Айтаханов — Шымкент қаласының әкімі
    Айғақ MEDIA

    Ерлан Айтаханов — Шымкент қаласының әкімі

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.07.20197 073 Views

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды.

    Ерлан Қуанышұлы бұған дейін Отырар ауданының әкімі қызметін атқарып келген болатын.

    Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде кезектен тыс өткізілген мәслихат сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев мегаполистің жаңа әкімін ұжымға таныстырды.

    Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда Алғабас ауданында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. 1994 жылы ММУ-ді тәмамдаған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі болды. Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan-да бастаған. Бір жылдан соң «Газойл» фирмасының қаржы директоры болды, содан кейін, ҚТЖ-да жұмыс істеді. 1998 жылы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы директорының орынбасары болып тағайындалды.

    2002 жылы Айтаханов Көлік және коммуникация министрлігінде департаментті басқарды. Осыдан кейін қазіргі Шымкент әкімі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде еңбек етті. 2009 жылы ол бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етсе, Президент Әкімшілігінің инспекторы болып та қызмет атқарды. 2014-2016 жылдар аралығында Ерлан Қуанышұлы Оңтүстік облысы әкімінің орынбасары лауазымында абыройлы еңбек етті. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Отырар ауданының әкімі қызметін атқарып келген болатын.

    Еліміздегі үшінші мегаполистің тізгінін ұстаған Ерлан Айтахановтың жұмысы жемісті болсын дейміз!

    «Айғақ-Ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.