Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында еліміздің барлық өңірлері бір кісідей атсалысуда. Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы штабының мүшелері. Бүгінгі күні құрылыстың қарқыны жоғары. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданының «Құрметті азаматы», белгілі кәсіпкер Ғани Шаймарданов жерлестеріне алғыс айтып, кешкі ас ұсынды.
Шығысқазақстандықтарға өзінің ыстық лебізін білдіру үшін ОҚО «Құрметті азаматы» Әбдіғани Ташқараев та штабқа арнайы барды. Ел ағасының бұл оқиғаға бей-жай қарамайтын өзіндік себебі бар. Өйткені, Әбдіғани Ташқараұлы 1990 жылы Шығыс Қазақстанның Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарында орын алған зілзала кезінде үйіндіге айналған баспаналарды қалпына келтіруде құрлыстың бел ортасында жүрген.
Әбдіғани Ташқараұлының басшылығымен шымкенттік құрылысшылар қираған 190 үйдің үйіндісін сырып тастап, жаңадан тұрғын үйлер салып берген болатын. Өзінің іскерлігімен Қазақстанның «Құрметті құрлысшы» атанған Әбдіғани Ташқараұлының игілікті іс атқарып жатқан барлық құрылысшылар мен мамандарға, оның ішінде шығысқазақстандықтарға деген алғысы ерекше.