Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan Партиясы Төрағасының орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы Nur Otan Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Твиттер парақшасында хабарлады.
Бүгін таңертең Тамара Дүйсенованың басқа қызметке ауысуына байланысты еңбегіне табыс тіледі. Ол Партияда жұмыс жасаған 1,5 жылдың ішінде әлеуметтік бастамаларға баса аударғандығын айрықша атап берді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Партия басшылығы атынан Тамара Дүйсеноваға атқарған қызметі үшін алғыс айтып, жаңа жетістіктерге сәттілік тіледі.