«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. Түркістан облыстық мәслиxатының xатшысы Қайрат Балабиев Социалистік Еңбек ерінің шаңырағына барып, қазыналы қарияның айтар әңгімесіне құлақ түрді. Әуезхан Салықбаев Арыс қаласының тумасы, 1929 жылдан бергі тұрғыны. Темір жол саласында ғұмыр бойы еңбек еткен Салықбаев тоғыз жолдың торабында орналасқан Арысты «жан жүрегім» дейді.
Ең үлкен құрмет — көңіл бөлу. Әсіресе қазыналы қарттарымызға құрмет көрсету үлкен ізеттілігінің белгісі. Өзіне бір сәт бөлінген көңілге Социалистік Еңбек ері ерекше разы болып қалды. Расында жас келген сайын адам көңілшек бола түсетіні ақиқат емес пе? Салықбаевтың жанына жақындап, денсаулығын сұраған сәтте ақтарыла кетті. Әрбір тұрғынды елін , жерін сүюге, туған өлкесіне қамқорлық жасауға шақырды. Социалистік Еңбек Ерінің шаңырағына ешқандай зиян келмеген. Алладан күн сайын тілек тілеп, дұға оқып отыратын қарттың кең пейілі болар бұл деп таңырқадық. 90-нан асқан Әуезxан Салықбаев «баспанама құрылыс жұмысы қажет емес, тек тыныштық болса болды» дейді. Социалистік Еңбек ері Арыстағы ағайын үшін Алладан сабыр, төзімділік тілеп отыр.