Апаттан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына сəйкес 8867 тұрғын үй анықталып соның 7 мыңға жуығына ахау актісі жасалып үлгерген. Ал бүгінгі күнге жалпы саны 748 үйде жөндеу жұмыстары басталған. Бұл туралы Арыс қаласының əкімі Мұрат Қадырбек баспасөз жиынында мəлімдеді. Сонымен бірге бүгінгі таңда қалада азық-түлік тапшылығы жоқ. Аймақтардан келіп жатқан гуманитарлық көмектерден өзге Арыста қазір дүкендер тұрақты жұмыс істеп жатса аймақтағы ахуал тұрақтала түскен. Ал Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың мəліметі бойынша апат салдарынан ауруханаға түскен 77 азаматтың басым бөлігі үйлеріне шығарылып қазір ем алып жатқан 17 науқас қалып отыр. Олардың 13 облыстық клиникалық ауруханасында. Ең бастысы бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша апат салдарынан бүлінген 139 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып отыр. Аталмыш нысандар жарылыс кезінде жеңіл зардап шеккен ғимараттар қатарында. Апаттан жарамсыз күйге түсіп қайта салынатын нысандардың жалпы саны 27-ні құрайды. Олардың құрылысы да алдағы бір ай мерзімінде аяқталатын болады.
«Айғақ-Ақпарат»