Шымкент қаласында Арыс қаласындағы апаттан тұрғындарды эвакуациялайтын 15 орталық жұмыс жасап жатыр.
Бұл орталықтар бүгін шұғыл түрде құрылған болатын. Үшінші мегаполистегі 87 мектепте орналасқан арнайы орынға қазіргі таңда уақыт сайын халық жеткізіліп жатыр. Эвакуациялық орталықтардың жағдайын біліп, ас-ауқатпен қамтамасыз етуде Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев сағат 21:00-дер шамасында арнайы келді. Мұнда тұрақтаған азаматтардың халімен танысып, осындағы мәселелерді өз назарына алды.
«Айғақ-Ақпарат»