Ордабасы ауданының Бадам ауылдық әкімдігінде эвакуацияланған Арыстық тұрғындардың арасынан 5 жастағы қос бірдей бүлдіршін ата-аналарын іздеуде. Балабақша тәрбиеленушілері жалпы жұртпен бірге осында әкелінген екен. Жәутеңдеген балапандармен тілдескен «Айғақ» телеарнасының тілшісі ата-аналарын табуға көмектесіп жатыр.
Бүлдіршіндердің бірі — Бердіхан Бейбарыс болса, екіншісі — Ұлан. Екеуі де 5 жаста.
Бейбарыс әкесінің аты Сәкен және анасының есімі Сәуле екендігін біледі.
Егер бүлдіршіндерді таныған азаматтар болса, жақындарына хабарласуын сұраймыз.