Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып келді
Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да бар.
Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлаған еді.
Қазіргі таңда Қорғаныс министрі Президентке Арыс қаласындағы апатқа байланысты жағдайды хабарлауда
_____________________________