Жедел хабарламасын аласымен жедел штаб құрылды. Штабтың жұмысына Шымкент қ.ТЖ департаментінің, Полици департаментінің, Шымкент қ.әкімдігінің, «ҚТЖ ҚК» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазіргі таңда қауырт желі сі бойынша 700-ге жуық телефон хабарлама келіп түсті. Қалада 15 эвакуациялық бекеті ашылды. Барлығы дайын. Арыс қаласынан бала бақшаның 17 баласы келді, олар Арғынбеков көшесі, Самал-3 мөлтек ауданындағы Назарбеков атындағы №87 мектепте орналасқан. Сонымен қатар Арыс қаласынан халықты көшіру үшін Шымкент қаласы әкімдігімен 36 автобус дайындалып, жіберілген.
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы