Алдағы 19- маусым күні Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толады. Осыған байланысты, руxани астананың орталығында «Түркістан төрінде» атты сұxбат — сырласу кеші өтті.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл іс-шараны текке қолға алмағанын түсіндіріп, ашып айтты. » Мен 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкім болып тұрған сәтімде қиын кезеңге оқиғаға тап болдым. Сол тұста Шымкент қаласында шамамен 140 адам жұқпалы қатерлі дертке шалдықты. Елдің көңілі құлазып жатқанда керемет мерекелі іс-шара ұйымдастырдық. Сонда жұрттың жүзі жылып, жүрегі жібіді. Руxани байлық дертке шалдыққандардың бетін бері қаратты. Құрылысы қарқын алып жатқан Түркістан қаласында да осы мақсатта жобаны қолға алып, іс-шараны ұйымдастырып отырмыз» — дейді Өмірзақ Естайұлы.
Мәдениет деген барлығымызға қажет байлық. Сондықтан барлықтарыңызды мәдениетті болуға шақырамын деген Шөкеев осы басқосуда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын, драматург Нұрлан Оразалинді 13-маусым күнгі туған күнімен құттықтады. Алатаудың баурайындағы Алматы қаласынан бір жыл толған облысқа арнайы келген жазушыға шығармашылық табыс тіледі.
Сондай-ақ, дәл осы басқосуға Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Төлен Әбдік, Смағұл Елубай шақыртылған. Еліміздің зиялы тұлғаларымен сырлы сұxбат жүріп, Түркістан туралы ой қозғалды.
«Айғақ-ақпарат»