Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. Асхат Қанатұлы 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Мамандығы — тарихшы. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың түлегі.
Ал, Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды