Сенат депутаттары Кәрім Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалуына келісімін берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дариға Назарбаеваның төрайымдылығымен Сенат отырысы өтіп, депутаттар Президенттің Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындауына келісімін берді», — деп жазылған хабарламада.
Сенат Парламентінің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Кәрім Мәсімов өз жұмысында жоғары білікті, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адал мемлекет қызметкері ретінде көрсетті» деп айтты. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz