Сәрсенбінің сәтті күніне жоспарланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлықтау рәсімі елордадағы «Тәуелсіздік» сарайында өтеді. Республикалық арналардан тікелей көрсетілім арқылы эфирге таратылатын салтанатты жиынға Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан да делегаттар қатысады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — бұл шараның құрметті қонағы.


Мұнан өзге аккредитациядан өткен дипломатиялық корпустың барлығы дерлік Ұлықтау рәсіміне шақырту алған.

