Әлеуметтік желіде пайда болған бұл сурет Шымкент қаласындағы Қайтпас мөлтекауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде түсірілген екен. Суреттен көріп тұрғандарыңыздай, бір әулетке жаңа түскен жас келін де сайлауда өз таңдауын жасауға келген. Бәрекелді дейміз!
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі — халық екенін анықтады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.
«Айғақ-ақпарат»