• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Түркістанда «Аманат» азаматтық алаңы жұмысын бастады

04.05.2019
0

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Аманат» азаматтық платформасы Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов сайлау науқаны бойынша мониторинг жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл азаматтық алаңы сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған. Басты мақсат – сайлауды әділ және ашық өткізуге үлес қосу. Аталған бастамашы топ құрамына еліміздегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар және азаматтық белсенділер кірген, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Аманат» азаматтық платформасының бірінші отырысы 2019 жылы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Осы кездесуде «Аманат» азаматтық тұғырнамасын құру туралы бастама көтеріліп,  алдағы сайлауға қоғам мониторинг жүргізе алатындай ұсыныстар жинау жөнінде шешім қабылданды. Қоғамдық штаб құрылды. Бүгінде мүдделі азаматтар мен сарапшылардың 250-ден астам ұсынысы келіп түсті, неғұрлым өзекті мәселелер іріктеліп алынды. Осының негізінде сайлау үшін қажетті жағдайлар жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленді», – деді Бектай Орманов.

Ол бес бағыт — «Сайлауды өткізуге дайындық», «Сайлаушылардың  өз құқықтары жайлы хабардар болуы», «Адалдық», «Ашықтық» және  «Ынтымақтастық» деп аталады.  Үміткерлерге теңдей жағдай жасалына ма? БАҚ барлығына бірдей алаң бере ме? Сайлаушылар таңдаған кандидатты қалай қолдай алады? Оның бағдарламасы туралы ақпаратты қалай табуға болады? Міне, «Аманат» осы және өзге де сұрақтарға жауап беруді көздейді.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау және жедел ақпарат алмасу желісін құру, азаматтар, журналистер, сарапшылар, ғалымдар арасындағы сайлау бойынша барынша ашық және объективті ақпарат пен пікір алмасу, тәуелсіз диалог және пікірталас алаңдарын құру бағытында жұмыстар атқарылады.

 Түркістан облысында «Аманат» азаматтық платформасының өкілдігі 29 сәуірден бастап жұмысын бастап кетті. Барлық бағыттар бойынша халықаралық ұйымдармен, ОСК, жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларымен, жергілікті атқарушы органдармен, кандидаттардың сайлау алдындағы штабымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық және азаматтық сектор өкілдерімен ынтымақтастық құрылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АРДАГЕРЛЕР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Ертеде патриотизм – Отан қорғап, ерлік жасау еді. Ал жаһанданған бүгінгі қоғамда елді цифрландыру жұмысына атсалысқан әр азамат – Отанының...

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

     Шымкентте алғаш рет Орталық Азиядағы жаһандық технологиялық толқын халықаралық цифрлық конференциясы өтті. Бұл – технология саласындағы жаһандық көшбасшыларды,...

22 ЖАС ӘСКЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

22 ЖАС ӘСКЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

      Шымкенттен 22 жас сарбаз әскерге аттанды. Олар Отан алдындағы борышын Алматы облысындағы шекара шебінде өтейтін болады. Ертеңгі...

454 МЕТР ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

454 МЕТР ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

      Шымкентте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорнымен бірлесіп баспасөз турын өткізді. Мақсат – инвестициялық бағдарламаның орындалу...

МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ

МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

     «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Бұл қағида қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі саналады. Президенттің халыққа...

ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

15 МИЛЛИОННАН АСТАМ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚАБЫЛДАНДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

     Брифингте дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау тәртібі айтылды. Шымкент қаласы бойынша дәріханаларға қабылданған дәрілік заттардың көлемі 15 миллион...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.