Күні кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барды. Шағалалы ауданның ауылшаруашылығымен етене танысқан өңір басшы агро саланы дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мұнан соң Өмірзақ Естайұлы бүгінде тек республикаға ғана емес алыс және жақын шетелге таныс «Хамит» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауытына аялдады. 2007 жылы құрылған өндіріс орны бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауытқа қажетті шикізат Шардара су қоймасынан, Атырау мен Аралдан тасымалданып, қайта өңделуде. Шығарылатын өнім экспортқа Еуропа елдеріне бағытталған. Жылына 2500 тонна балық өнімдерін өндіреді.
Сапарда өңір басшысы Шардара қаласында туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аймақ туризмін дамытуда туристерді қажетті демалыс аймақтарын көбейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігін тапсырды.