• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Медициналық сақтандыру қоры: Шалғай ауылдың тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетті

04.05.2019
0

23 сәуір мен  6 мамыр аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Медицина жаныңда!»  акциясы  өтуде. Осыған орай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қолдауымен аудан аумығынан шалғайда орналасқан елдімекендерге дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.
Акцияның мақсаты – ауылды  жерлердегі денсаулық сақтауға қатысты мәселелерді  шешу, тұрғындардың өтініштерін қарау әріптестер арасында тәжірибе алмасу, ауылдық жерлерден тәжірибелі  дәрігерлер мен фельдшерлерді табу және оларға қолдау көрсету.
Акция барысында ауыл тұрғындарына бүгінгі күні тегін медициналық көмектің қол жетімділігі және 2020 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (СМС) сақтандырылған адамдар үшін не қажет екендігі туралы баяндалады.


Әлеуметтік акция аясында медициналық орындары жоқ шалғайдағы елді-мекендерге медициналық және консультациялық көмек көрсету үшін дәрігерлік бригадалардың шығуы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халық әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде қандай көмек қолжетімді болатыны, ауылда медициналық көмек алу үшін қандай мүмкіндіктері бар болатыны туралы ақпарат беріледі.
Бүгінгі денсаулық сақтауды дамытудың маңызды бағыттарының бірі алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін күшейту және өңір тұрғындарын жалпы практика дәрігерлеріне қадамдық қолжетімділікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, Түркістан облысында 1981747 тұрғын тұрады. Жалпы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 710 мекеме болса, оның ішінде 191 дәрігерлік амбулатория, 260 фельдшерлік амбулаториялық пункті және 211 медициналық пункті бар. Облыстағы медицина мекемелерінде  4993 дәрігер жұмыс істейді. 2019 жылы тағы 126 жалпы практика дәрігерінің учаскесін ашу жоспарлануда, бұл бір дәрігердің жүктемесін 1700 адамға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, облысқа қарасты Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы, Құтарыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясында «Медицина жаныңда!»  ұйымдастырылды.


Іс-шарада «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасының педиатр, хирург, невропатолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша дәрігері және  стоматолог тұрғындарды жолдамасыз қабылдап, тегін кеңес берді. Ал, медициналық сақтандыру қорының өкілдері халыққа қажетті ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға жылжымалы флюорография, қан кұрамындағы холестерин және қантты анықтайтын құрал, тонометр,  фонендоскоп тексеру құрал-жабдықтары арқылы тексерулер жүргізілді.

— Медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асырыла бастайды. Осы ретте, халық арасында ақпараттандыруға қатысты үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Жүйенің негізгі көздегені халыққа көрсетілетін медициналық көмектің уақтылы, сапалы әрі тиімді көрсетілуін қамтамасыз ету. Айта кетерлігі, жүйеге халықтың ұсыныс-тілектеріне байланысты  бірқатар өзгерістермен толықтырылуда. Яғни, жүйеге жарна аударудан босатылған санаттар құрамы қайта жасақталды. Сонымен бұл санатқа балалар, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған адамдар, мүгедек бала күтімінде отырғандар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер, сот үкімі бойынша қылмыстық атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», І және ІІ  дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер, орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер кіреді. Егер азаматтар жеңілдік берілген санатқа жататын болса, онда ол үшін жарнаны мемлекет төлейді – деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы бөлім басшысының міндетін атқарушы Лаура Сапарбекова.
Жалпы, «Медицина жаныңда!» акциясына облыстың барлық аудан қалаларындағы білікті дәрігерлер үлес қосып, аудан, қала аумағынан шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарына қалтқысыз қызмет етті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.