Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Қазақстанда әр адам вакцинамен ақысыз егілуге қол жеткізе алады
    Әлеумет

    Қазақстанда әр адам вакцинамен ақысыз егілуге қол жеткізе алады

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.04.2019320 Views

    Жыл сайын, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында Иммундау аптасы өткізіледі, деп хабарлайды ҚР ДСМ ҚДСК Шымкент қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

    Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық  сақтау аумағында басым бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендеді.

    Иммундау халық  сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шарасы болып табылады. Иммунизация жыл сайын әлемде 2-ден 3 миллионға дейінгі өлім жағдайын болдырмайды. Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ.

    2019 жылғы Еуропалық иммундау аптасы Еуропа елдерінде және Қазақстанда «Алдын алу. Қорғау. Иммундау!» тақырыбы бойынша сәуірдің 24 мен 30 аралығында өтуде. Иммундау аптасының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдеріндегі вакцинациялаудың пайдасы мен маңызы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлерін хабардар ету.

    Иммундау апталығы аясында Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Шымкент қаласындағы тұрғындар арасындағы сырқаттанушы-лыққа әсерін тигізетін егілусіз қалып жатқан вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады.

    Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың  барлық топтары-ның назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.

    Жекелеген тұлғалардың, ең алдымен, ата-аналардың егу жөніндегі білімін көтеру өз балаларының егілуіне саналы түрде қарауын, олардың уақтылы егілуін қамтамасыз етеді.

    Қазақстанда әр адам вакцинамен ақысыз егілуге қол жеткізе алады.

    Бұрын есепке алынбаған, оның ішінде көшіп келген халық топтарын анықтау және олардың егуін ұйымдастыруда медицина қызметкерлерінің жұмысы орасан зор.

    ҚР ДСМ ҚДСК Шымкент қ. қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.