Қазақстан Президенті Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды

Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің даму барысы жөнінде мәлімет беріліп, облыстың осы салада жеткен жетістіктері туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған көп салалы аурухананың жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа медициналық мекеменің емдеу-сауықтыру, ота жасау бөлмелері көрсетіліп, негізгі қызмет бағыты жөнінде мәлімет берілді.

Жалпы аумағы 44,5 мың шаршы метр болатын ауруханада 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Бір уақытта 345 науқасты қабылдап, алғашқы медициналық қызмет алады.

Қазақстан Президенті Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында өңірде мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық мекемелердің, республикалық ғылыми орталықтардың бөлімшелерін ашу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау саласын толықтай цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.

Соңында Қазақстан Президенті медициналық мекеме ұжымына табыс тіледі

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...