Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түркістан облысында биыл 600 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі
    Әлеумет

    Түркістан облысында биыл 600 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.04.2019295 Views

    Ағымдағы жылы Түркістан облысында жалпы ұзындығы 968 шақырым жол мен 5 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде, 2018 жылдан 21 нысан     (435,6 шқ. жол) өтпелі болса, 2019 жылы жаңадан басталатын 30 нысанға (532,4 шқ. жол, 5 көпір) тиісті қаржы қаралған, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Түркістан қаласы облысы орталығы мәртебесін алғаннан бастап, аудан қалаларды облыс орталығына жалғайтын негізгі жолдардың жағдайына баса назар аударылуда.

    Бұл ретте, облыстың оңтүстік бағытындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Арыс, Ордабасы аудандарында 81,1 шақырымды құрайтын 4 жолға күрделі, ұзындығы 223,9 шақырымдық 6 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады.

    Шығыс бағыттағы Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарында 23 шақырымды құрайтын 3 жолды қайта құру, 64,5 шақырымдық 4 жолды күрделі, 56,2 шақырымдық 5 жолды орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.

    Одан бөлек, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары аумағынан өткен 67,1 шақырымдық 3 жолда күрделі, 124,5 шақырымдық 7 жолда орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен ерте басталып отыр.

    Сондай-ақ, Түркістан қаласына жақын орналасқан Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласында  92,2 шақырымды құрайтын 4  жолға күрделі, 234,8 шақырымды құрайтын 6 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. 

    Айта кетерлігі, 2019 жылдың қорытындысымен жалпы Түркістан облысы бойынша 584,4 шақырымды құрайтын 24 жол және 5 көпірді пайдалануға беру жоспарланған.

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген ауқымды жұмыс көлемін сапалы және мерзімінде орындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарға жауапты техникалық, авторлық қадағалаушы және мердігер мекемелермен тұрақты жиналыстар өткізілуде. Нысанда орын алуы мүмкін қиындықтар алдын ала талқыланып, шешу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Әр нысанға бекітілген жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары қатаң бақылауға қойылып, нысандарды  аралау-тексеру іс-шарасы қолға алынған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.