Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкент қаласында қызылша ауруының эпидкезеңінде 830 жағдай тіркелген
    Әлеумет

    Шымкент қаласында қызылша ауруының эпидкезеңінде 830 жағдай тіркелген

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.04.2019409 Views

    Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2019 жылғы 16 сәуір күні  қызылшаның Шымкент қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы туралы  мәлімдеді.

    Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлының айтуынша, қазіргі таңда әлемде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен шекаралас елдерде қызылша ауруы тіркелуде. ҚР-ның азаматтары мен қонақтарының миграциясының, яғни көші-қон салдарынан осы ауру халық арасында таралуда.

    Шымкент қаласында қызылша ауруының эпидкезеңінде 830 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 609 жағдай (73,4%).

    Сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалар арасында таралуда, бүгінгі күнге 487 жағдай (58,6%) тіркелді. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 270 бала (32,5%) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, медициналық қарсы көрсетіліммен — 119 бала (14,5%), ата-аналардың вакцинациядан бас тарту себебінен егілмеген 96 бала (11,7%) ауырды.

    Сонымен қатар, сырқаттанғандар арасында 221 ересектердің 195-і (88,2%) 40 жасқа дейінгілер. ҚР 1990 жылдары вакцинаны жеткізудің бұзылуынан, сол кездегі вакцинациялауға жататын балалар, атап айтқанда болашақ аналардың қызылшаға қарсы егілмеуі – қала тұрғындары арасында қазіргі кезде сырқаттанушылықтың өсуіне алып келді.

    Тіркелген ошақтарда санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректері жоқ 1832 адам егілді.

    Үй және ұйымдасқан ұжымдардағы ошақтарда аурумен байланыста болғандарға медициналық бақылау, эпид көрсетіліммен егу және санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде.

    Медициналық ұйымдар медициналық персоналдардың қорғаныш заттарын қолдануда, дезинфекциялық және желдету ережелерін сақтауда.

    Қызылшаның жағдайы туралы мәселе инфекциялық аурулардың алдын алу туралы қалалық штабтың отырыстарында тыңдалды.

    Бұл аурудың алдын алу үшін қызылша ауруына қарсы егумен толық қамтамасыз ету қажет.

    Шымкент қаласы бойынша 28 медициналық ұйымдардың 69 егу пунктерінде жоспарлы иммундаумен қатар, қызылшаға қарсы қосымша егу 9-10 айлық балалар, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер және қызылша ошақтарындағы 30 жасқа дейінгі байланыста болғандарға жүргізілуде.

    Сәуір айында 01.04.-11.04.2019 жыл аралығында қосымша иммундауға жататын  9-10 айлық 4150 балалардың 1437-і (34,6%) егілді. 40 жасқа дейінгі 3162 медициналық қызметкерлердің 2198-і (69,5%) егілді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.