Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкентте жастар мәслихаты құрылады
    Әлеумет

    Шымкентте жастар мәслихаты құрылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.04.2019460 Views

    Үшінші мегаполисте жастар мәслихатын құру қолға алынбақ. Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев баяндады. «Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Оларды еліміздің болашағы деп сенім артты. Расында шаһарда жастар мәслихатының құрылуы уақыт талабы. Себебі, Шымкенттің әрбір төртінші тұрғыны жастар өкілі болып табылады»- деді мәслихат хатшысы.

    Аталған бастаманы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі қолға алған. Бүгінде мегаполистің 30 пайызын жастар құрайды екен. Сондықтан, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, өзекті мәселелерді шешуге үлес қосуына мүмкіндік беруіміз қажет. Енді жастар мәслихат деңгейінде ұсыныстар мен талап-тілектерін билікке жеткізе алады.

    Жастар мәслихатының қатарына 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар сайланбақ. Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының саны 29 болса,  жастар мәслихаты да 29 жас азаматтармен толығады. Олардың мәслихаттағы өкілеттілігі 2-жыл болады. Үміткерлікке  мектеп, колледж немесе жоғарғы оқу орындарының студенттері де қатыса алады.  Белсенділер әлеуметтік желіде дауыс жинау арқылы іріктелмек. Дегенмен,  қала әкімі бұл бағытта оқу орындарына жолдама беріп, таңдау жүргізудің қажеті жоқтығын ескертті. Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша мәслихат қатарына өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар, кәсіпкерлер, қарапайым жұмысшы, тіпті жұмыссыз болса да сайлауға түсуіне мүмкіндік жасау керек. Одан бөлек, бұл бастаманы жүзеге асыруда талаптар мен ережелерді нақтылап, ерекше назар аудару тиіс. Айта кетейік, алдағы күндері жас мәслихат қаладағы «Жастар ресурстық орталығына» жайғасатын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.