Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚР АҚДМ азаматтық қоғам және дін істері комитеттерінің төрағалары тағайындалды
    Айғақ MEDIA

    ҚР АҚДМ азаматтық қоғам және дін істері комитеттерінің төрағалары тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.04.2019331 Views

    ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Әлия Қайратқызы Ғалымова Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы болып және Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Ә. Ғалымова 1970 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Түрлі жылдары Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде, Павлодар мемлекеттік университетінде, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болды. 2003-2010 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2010-2012 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2012-2015 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті. 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болды. 2016 жылдың қарашасынан Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

    Е. Нүкежанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған. 2002-2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген. 2009-2016 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен. 2016-2018 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы маусмынан бастап Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

    primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.