Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Г.Әбдіхалықова мегаполис тұрғындарымен кездесті
    Әлеумет

    Г.Әбдіхалықова мегаполис тұрғындарымен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.04.2019316 Views

    Үшінші мегаполиске келген жұмыс тобын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастап келді. Жұмыс тобы қалалық орыс драма театры ғимаратында қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов ашып, жүргізген жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова, Денсаулық сақтау вице министрі Л.Ақтаева және көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері — барлығы 500-ден астам адам қатысты.

     ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Елбасының «Әлеуметтік қамсыздандыру» жаңа әлеуметтік шараларының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

     Одан кейін сөз алған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев ведомствоның халықтың табысын арттыру және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау бойынша қабылдаған шаралар туралы айтты. Атаулы əлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тəртібі негізінен күн көрісі төмен оның ішінде көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған. Сонымен бірге атаулы əлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға жəне «Күміс алқа», «Алтын алқа» мен марапатталған аналарға, мемлекеттік жəрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жəрдемақылар, степендия алып тасталады. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың балаларына 18 жасқа дейін оқыған жағдайда 23 жасқа дейін ай сайын 20789 тенге көмек төленетін болады. Сонымен бірге кездесуде өзге де министрлік өкілдері өз салалары бойынша əлеуметтік көмек шараларына тоқталып тұрғандар сауалына жауап берді.

    Жаңа дағдылар мен құзыреттілікті талап ететін заманауи жағдайларда сапалы білім беру мәселесі ерекше маңызға ие. Аталған мәселе бойынша және білім беру саласындағы реформалар бойынша ҚР Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова сөз сөйледі.

    Кездесу барысында орталық мемлекеттік органдардың ресми тұлғалары қоғамды толғандыратын мәселелер бойынша толық жауаптар мен түсініктемелер берді. Кездесуді қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова 11 көпбалалы отбасына мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды.
    Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-ші съезіде  халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасы аясында халықтың әлсіз топтарын қолдау, баспана беру, бюджеттік салада табысы аз қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру, жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту, инженерлік инфрақұрылым мәселелерін шешу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.