Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкентте екінші мамандандырылған ХҚО ашылды
    Әлеумет

    Шымкентте екінші мамандандырылған ХҚО ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.03.2019798 Views

    Бүгін Шымкент қаласында екінші мамандандырылған ХҚО-ның ашылу салтанаты өтті.

    Енді көлік жүргізушілері автокөліктерді қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру сияқты мемлекеттік қызмет түрлерін Қ.Түлеметов көшесі, 35 мекенжайында орналасқан фронт-офисте жүзеге асыра алады. Орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығы және қалалық полиция басқармасының бастығы Ералы Жұмаханбетов қатысты.Жаңа мамандандырылған ХҚО мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін он бірінші фронт-офиске айналып отыр.
    «Шымкент шаһары миллион тұрғыны бар жеке қала статусын алды. Экстерриториалдылық қағидаты бойынша мұнда жақын жатқан аудандардан да көліктерінің құжаттарын жасату үшін көлік иелері көп келеді. Бұл ретте біз тұрғындардың өтініштерін ескеріп, тағы бір мамандандырылған ХҚО ашып отырмыз»,– деді филиал директоры Бахыт Басымбек.Жаңа мамандандырылған ХҚО-да 52 қызметкер жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру бойынша 20 жұмыс орны құрылған.
    Мамандандырылған ХҚО жаңа жиһазбен жабдықталған, 150 автокөлікке арналған тұрақ та бар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар мен шақырту түймелері қарастырылған.
    Шаһардағы екінші мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Әзірге A, A1, B, B1, C, C1, D, D1 жүргізуші категориялары бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Достық мөлтек ауданындағы мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттегі алғашқы мамандандырылған ХҚО арқылы азаматтарға 45 мың жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

    (Фото: shymkent.gov.kz)

    «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.