Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды. Мәдениет және спорт министрінің, бірқатар облыс әкімдерінің баяндамалары мен тәуелсіз сарапшылардың пікірлері тыңдалды.
Асқар Мамин Елбасының туризмді дамытудың аса маңызды екенін бірнеше мәрте атап өткенін айтты.
«Алдымызда туризм саласын дамыту аясында күрделі, өршіл, дегенмен қолдан келерлік міндет тұр», — деді Премьер-Министр Асқар Мамин.
Алдын ала бағалау бойынша, ҚР туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:
- 2025 жылға қарай туризм саласының ЖІӨ-дегі үлесі 8%-ға дейін жетеді;
- туризмді дамытуға инвестициялар көлемі алдағы 7 жылда 2 трлн теңгені құрайды;
- 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады, оның 72 мыңы – тұрақты жұмыс орындары.
- туристер саны жылына 7 млн-нан 15 млн-ға дейін ұлғаяды.
Премьер-Министр туризм саласы Қазақстан экономикасының драйверіне айналуы тиіс екенін айтты, бұл үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Мемлекет басшысымен келісілгеннен кейін Мемлекеттік бағдарлама жобасын Үкіметке бекітуге енгізу тапсырылды.
Рrimeminister.kz.